Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Қосарлы оқыту жүйесі

Қосарлы оқыту жүйесі – өндірістік-дамытушылық елдерінде кеңінен таратылған білім беру жүйесіндегі кәсіби мамандарды дайындаудың ең тиімді формаларының бірі болып, әлемнің 60-тан астам елдерінде кадрларды дайындаудың негізгі жүйесі болып табылады. Егер колледж ішіндегі қосалқы оқыту жүйесі туралы айтатын болсақ, онда оның элементтері мамандарды бұрын дайындауда пайдаланылады: бұл оқу тәжірибелері, өндірістік оқытулар, ЕАҰ-дағы кәсіби тәжірибелер. Бұл сонымен қатар колледж оқытушыларының және тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдерімен бірігіп, мамандықтар бойынша КТБ, жұмыстық оқу бағдарламаларын бірігіп жасауда байқалады. Сонымен қатар - бұл студенттердің білім сапасына бағытталған түрлі семинарлар, шебер-сыныптар, дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ӨТ қорытындалары бойынша конференциялар және бұл ретте ЛАО рөлі өте зор.

Біздің колледжде қосарлы оқыту жүйесін енгізу «Фармация» мамандығы бойынша 2012-2013 оқу жылынан бері енгізілген. Үш жақты шарт жасалған: колледж, студенттер, «Аманат» ЖШС кәсіпорындары. «Аманат» ЖШС фармацевтикалық ұйым өзінің бастапқы «Долголет», «Биосфера», «Forte +»мекемелерімен. Студенттер оқу барысында мекемелермен, олардың жұмысымен танысады, курстық жұмыстар жазады. Нәтижесінде колледж түлектері 3 курста оқу барысында, еңбекақы түріндегі бонсутарды есепке алмай, қажетті тәжірибелік дағыдаларға және белгілі жұмыс тәжірибесіне ие болады.