Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Шыңға 80 қадам. 1 бөлім

05 қараша 2015

А.Н.Нурбеков, Қарағанды қаласының
медицина колледжінің директоры
Н.Х. Омарова, Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы


Алға қадам жасай отыра,
өткенгеде бұрыла отырыңыз,
әйтпесе сіз қайдан шықтыңыз және
қайда бурылу керектігін
ұмытып кетуіңіз мүмкін.



80 жыл. Бұл көп пе, аз ба? Көп, өйткені - бұл адамдар, естеліктер, оқиғалар.

1935 ж.

22 шілде 1935 жылы РСФСР денсаулық сақтау халық комиссариятының стационарлық емдеу мекемелері медбикелерінің сырқаттарды күтуі және ауруханалардағы медбике жұмысының ұйымдастырылу жағдайлары ешбір қанағаттандырмайтынын атап өтті. Ауруханаларда жұмыс атқаратын медбикелердің көпшілігінде аяқталған медициналық білімі жоқтың қасы. Медбикелерді дайындау жағдайы бетімен кеткен. Ауруханаға қарасты медбике мектебі медициналық қызметкерлердің сырқаттарға күтім жасау дайындығын қамтамасыз етуі керек.

Мектептерде дайындалатын сабақтар негізгі медициналық оқу пәндерінің облысында қажетті білімдермен қамтамасыз етуі керек, ал негізгі бастысы - оларға көмек көрсету ептіліктері мен тәжірибелік машықтарын пайдалану арқылы, науқастарды қамқорлыққа алу. Медбике мектебінің директоры болып аурухананың бас дәрігері, ал оның орынбасары - аурухананың үздік аға медбикелерінің бірі болып тағайындалады. Оқудың екінші жылында оқушылар кіші медбике қызметін атқара бастайды.

17 қараша 1935 жылы денсаулық сақтау облыстық Кеңестің отырысында Қарағанды қаласында 2 жылдық медбикелердің курсын ашу сұрағы талқыланады. Казнаркомздрав өкілі жолдас Сергеева орта білімді медициналық қызметкерлердің жеткіліксіз біліктілігі туралы айтады: «Жүйесіз, белгілі бағдарламасыз кадрлар өсуде. Мұндай олқылықтарды болдырмау үшін Наркомздрав бір типті бағдарламамен медбикелерді дайындау үшін мектептің бірнеше қатарын ашады. Мұндай мектептің ашылуын Қарағандыда қала ауруханасына ұйымдастыра бастадық». Доктор Ядвига Алалыкина бұл мектепке жұмысшылар мен кеншілер арасынан ең жақсы кадрларлы жинау жұмыстарын кеңінен насихаттау үшін жұмыс алушыларды шағару қажеттігін ұсынады. 7 желтоқсан 1935 жылы РСФСР денсаулық сақтау Халық Комиссариатының бұйрығымен қалалық аурухана базасында 2 жылдық медбикелер мектебі ашылады. Бұл мектепке жасы 16-дан төмен және 35 жастан аспаған орта-жетіжілдық мектептің толық курсын бітіргендер ғана қабылдана бастайды. Мектеп 3-ші жолдағы № 11 үйде орналастырылады. Бірқабатты, төмен, 1931 жылы төбесі қарақағазбен жабылған үй еді. Жарамсыздығы – 60%. Пеш жағылатын, су құбыры жоқ. Сұр қабырғалы, кәресін шаммен жарығы берілетін, едені жоқ 4 бөлмелі ғимарат еді. Зертхана, кітапхана, асхана деген заттары мүлде жоқ. Мектептің ғимараты сабақ өткізуге тіпті жарамсыз. Жатақханасы жоқ, оның орнына 3-4 кереует сиятын қазақ жер үйлерінен жалға алған. Оның да жарығы шаммен берілетін. Бұл туралы 1935-1936 жж. мектеп директоры болған, мамандығы дәрігер-хирург Мешкова Вера Николаевна хабарлама жасайды. Мектепте 4 күндізгі және 1 кешкі бөлім болған, онда өндірісте жұмыс істемейтін 66 адам және оқу мен қатар өндірісте жұмыс атқаратын 30 адам сабақ алды. Барлық оқушылар әйел жынысты. Оның ішінде: 32 қазақ, 49 орыс, украин, татар қыздары. Медбикелерді дайындау реті белгіленген болатын, бұл ретте бұл мектептен хирургиялық, терапевтік, гинекологиялық, балалар, жұқпалы аурулар және босанғаннан кейін аурухана бөлімшелерінде науқастарға жоғары сапалы күтім жасайтын жалпы типтегі медбикелер шығарылуы керек еді. Арнайы пәндер бойынша оқытушылар құрамы аурухананың штаттық қызметкерлерінен құралған болатын, олардың көпшілігі Мәскеу, Новосибирск, Томск және де еліміздің басқа да жоғары оқу орындарының түлектері еді. Бұл кезде мектепте Қарағанды облысының денсаулық сақтау жұмыстарының негізін қалаушы Генрих Никонорович Алалыкин жұмыс істеген. Науқастарды күту бойынша тәжірибелік сабақтарын жүргізу үшін дәрігерлердің қасындағы ассистенттер-аға медбикелер тартылған еді.



Г. Н. Алалыкин

2-х годичная школа медицинских сестер

1936 ж.

«Біздің мектеп  оқушыларды жинақтау және  оларды оқытушылар құрамымен  қамтамасыз ету жұмыстары бойынша  Қазақстанда бірінші орында тұр.  Жергілікті халықтан кадрларды дайындау,  оның ішінде  аяқталған орта медициналық  кадрлармен қамтамасыз ету бірінші рет. Бұл құрметті міндет» (Горздрав өкілі Ядвиги Алалыкинның  11 мамыр 1936 жылы  медбикелердің жалпы жиналысында жасаған баяндамасынан).  Мектеп әкімшілігі мектепке арналған дұрыс үй-жайын, жатақхана   беру өтінішімен шықты. (Мектеп директоры В.Н.Мешкованың  29 қазан 1936 жылы  Казнаркомздравқа  жазған хатынан).

Наркомздрав мектепке дұрыс ақша бөлмеді, мектеп жабылуға таянды. 1 қаңтар 1936 жылы оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі: «Эволюциялық оқыту негіздері» - 10 кітап, «Адамның анатомиясы мен физиологиясы» - 46 кітап, «ГТО нормасын қалай тапсыру керек?» - 10кітап, «Дәрігерлік рецептердің берілуі» - 1 кітап, «Ішкі сырқаттар оқулығы» - 1 кітап, «Әлемнің пайда болуы» - 1 кітап, «Еңбектің гигиенасы мен патологиясының қысқаша басшылығы» - 1 кітап. 1363 рубльге Мәскеуден көрнекілік құралдар алынған (Мектеп директорымен жасалған, медбикелер сабақтарының барысы мағлұматтарынан көшірме. Оқытушылар оқушыларға арналған конспектілер дайындады. Бастапқы кітапхана қоры мектеп және аурухана қызметкерлерінің жеке қорларынан құралған болатын. Бірінші кітапхана меңгерушілері болғандар - Ямпольская Зинаида Михайловна , Феттер Ада Францевна.

Наркомздрав мектеп директорын аурухананың бас дәрігерінен тағайындау керектігін ұсынған, сөйтіп 1 сәуір 1936 жылы Барановская Вера Сергеевна қалалық аурухананың бас дәрігері, сонымен қатар мектептің директоры болып тағайындалады. Бұл шешім бойынша мектеп аурухананың бір бөлшегі болып табылып, бас дәрігер ауруханының да мектептің де жағдайына толық жауап беруі керек еді. Оқудың екінші жылында оқушылар кіші медбике жұмыс орындарына жіберіліп, аурухананың штаттық қызметкерлері болып қызмет атқаратын. 26 сағат теориялық курсты тыңдаған және сонымен қатар ішкі және жұқпалы аурулар, десмургиясымен хирургиялық аурулар мен балалар аурулары, емдік тамақтандыру байқауларынан өткендерге аяқталған орта медициналық білімі бар мейірбике біліктілігі тағайындалып, сәйкестенген аттестат берілген.

1937 ж.

Бірнші мектеп түлектері 1937 жылы  шығарылды және де  сол түлектер Қарағанды қаласының емдеу мекемелеріне  келді.

Мектеп директоры болып Семенец Н.И. тағайындалды.

Мектептің өз ғимараты болмады, бұрынғы УРС–тан шарт бойынша 1937 жылдың 1-ші наурызынан 1938 жылдың 1-ші наурызына дейін жалға алынды. Жалға алу құны 12 мың. рубль тұрды. 7 желтоқсанда облздрав бастығының орынбасары Гречишкин жолдас қатысқан, акушерлер мектебінің педагогикалық отырысында, мектептің қаладан алыс орналасуына байланысты, оқушыларды жеткізу үшін ат беру қажеттілігі туралы және Михайловск ауруханасымен оқушыларға түскі ас дайындау шартын жасау шешімі қабалданды.

1938 ж.



28 сәуір 1938 жылы мектептің жалға алған орындарын тартып алады. Мектеп әкімшілігі Қарағанды облыстық денсаулық сақтау бөлімінің алдына мектеп салу қажеттілігі сұрағымен шықты. Мектепке орын Тихоновкадан берілді. Оның негізгі базасы Тихонов ауруханасы болды. Бұл аурухана тәжірибелік сабақтардың өткізілуін төменгі дәрежеде атқара алды. Әйелдер босанатын бөлімі тіпті тар еді. Аурухана балалардың аурулары бойынша тәжірибелік жұмыстарды тек 30 % ғана қамтамасыз ете алды. Көптеген сабақтар бойынша тәжірибелік жұмыстар Қарағанды қаласының алыс бөлімшелерінде өткізілді (Мектеп директоры Н.И.Семенецтің баяндамасынан).

13 тамызда Қазақ ССР Халық Комиссариаты Кеңесінің № 813/22 Қаулысымен медбикелердің мектебі фельдшерлерді дайындайтын акушерлер мектебі және 3-жылдық оқу мерзімімен акушерлерді дайындайтын мектеп болып қайта құрылды. Бұл мектепке 7 кластық орта білімі бар, 14 жастан 30 жасқа дейінгі ССРО-ның азаматтары да қабылданатын болды. Мектеп Жарғысында жазылған: «Барлық пәндерден оқу жоспарын (оның ішінде өндірістік тәжірибені) 75% оқу пәндерінен «5-тік» бағасына жане басқа пәндерді «4-тік» бағасына бітірген, сондай-ақ мемлекеттік емтихандарды «5-тік» бағасымен тапсырған оқушылар үздік дипломын алады және келесі құқықтарға ие болады:

а) мамандықтар бойынша бос лауазымдық орындарға ие болуға;
б) жоғары оқу орын мекемелеріне өндірістегі 3 жыл өтілімі бар кандидаттар санына енгізіледі (аталмыш оқу мекемесінің есебінен 5%);
в) мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына 2 жыл ішінде емтихансыз түсе алады).

Жұмысқа жіберу оқу мекемесін аяқтағанға дейін денсаулық сақтау Министрлігімен жүзеге асырылып отырылды.



1940 ж.

Соғыс жылдары алдында директор А.А.Шоринаның, оқытшылар - Севрюгов В.Т., Орда А.И., Богацкая Л.Б., Гренде В.Р., Недовесов В.Г., Ходня Н.Ф. (медицина ғылымдарының кандидаты), Коломенская Т.А, Левенталь А.Г. күштерімен 49 білікті медицина қызметкерлері қатарға қосылды.

Жүргізілетін оқу пәндері ішінде – санитарлық-қорғаныс дайындығы, жаңа туған баланың аурулары, дені сау және ауру бала, физиотерапия және массажды гинекология, рецептурасымен фармакология, науқастардың күтілуімен хирургиялық аурулар: десмургия және алғашқы көмек, көмек күтетін жүйелік-психиатриялық аурулар, диеттамақтану және диетэтика, құлақ, тамақ, мұрын аурулары, сырқаттардың күтімі, СССР Конституциясы, халықтар тарихы (1940 жылы акушерлер мектебін бітірген А.И.Иванованың дипломынан).


                                                 Коломенская Т. А.
1941-1945 жж.

30 қазан 1941 жылы мектептің директоры болып А.П.Кисурина тағайындалды. Мектеп фельдшерлер мен акушерлерді дайындау жұмыстарын жалғастырып отырды.

№ 5970 көшіғон госпиталінің Қарағандыдан ауысуына байланысты, Қарағанды жұмысшы депуттатары облыстық кеңесінің Орындаушы комитеті облыстық денсаулық сақтау бөліміне қарасты акушерлер мектебін Ленин көшесіндегі ғимаратқа орналастыруды шешті.

1943-1944 жж. фашист басқыншыларынан азат етілген аудандарға Қарағанды облысының дәрігерлі жіберілді. Босатылған орындар акушер мектебінің есебінен фельдшерлермен толтырылуы керек еді. Бұның бәрі, әрине, мектеп оқытушылар мен емдеу мекемелері дәрігерлерінің арқасы. Ол кезде педагогикалық ұжымда өз мамандықтарының үздік мамандары жұмыс істеді, олар: мектеп директоры Кисурина Пелагея Архиповна – дәрігер – эпидемиолог, Пляскин Владимир Федорович - кәсіби педагог, Кеворков Андрей Коропетович - дәрігер - хирург,Чупина Людмила Алексеевна - дәрігер-терапевт, Шик Елена Ильинична- дәрігер - бактериолог, Золотовский Никита Гаврилович – дәрігер - хирург және басқалары.

1944 ж. акушер мектебінің түлегі, ССРО денсаулық сақтау үздігі Жданкина Анна Владимировнаның естелігінен: «Бізде көптеген керемет мұғалімдер болған. Революцияға дейінгі нағыз аристократтар болған. Оқытушылардың көпшілігі доктор жане ғылым кандидаты дәрежесінің ғалымдары. Олардың көпшілігі Мәскеуден, Ленинградтан, Киевтен және т.б.жерлерден келген. Кейбір дәрігерлер лагерден босағаннан кейін жұмыстарын жалғастырған. Ешкім ешкіммен дөрекі сөзге бармайтын. Өте тату-тәтті тұрдық, бір-бірімізге көмектесетінбіз».


Жданкина Анна Владимировна

Соғыс жылдары Совет Армиясының қатарына акушер мектебінің оқытушылары Курочкин Сергей Иванович, Сурков Алексей Никифорович, Поляков Юрий Александрович, Гайворонская Тамара Федоровна, ағаш шебері Румянцев Григорий Анисимович шақырылған. 1942 жылдан бастап Совет Армиясының дәрігері болып Махов Михаил Константинович жұмыс істеген, ол «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысының 2-дәрежелі» ордендерімен марапатталған. Соғыстың алғашқы күнінен бастап 1946 жылдың 20 мамырына дейін Совет Армиясының Смоленск бағытында фельдшер қызметін, кейіннен медицина училищесінің директоры болған Рахимбеков Мукен Садыкович атқарған. Ол «Ұлы Отан соғысында ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Акушер мектебінің он бір түлегі совет солдаттарын құтқаруда көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл ту» ордендерімен марапатталған. Олар өздерінің батылдығымен, Отанға және өз мамандығына адал берілгендіктерімен кейінгі ұрпаққа мысал бола алды. Олардың ішінде Белова Екатерина Ивановна.Ол Брянск және Курск дұғасында соғысқа қатысып, Ленин орденімен марапатталған. Меркутова Мария Ивановна Батыс және Шығыс ұрыстарына қатысқан. Чередников Павел Петрович Курс дұғасындағы шайқасқа қатысып, Даңқ орденімен марапатталған. Садманова Евгения Степановна бірінші гвардиялық Минск авиакорпусында соғыста болып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Мухамеджанова Бибинур Ибрагимовна – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, Ирина Федоровна Никулина соғысқа фельдшер болып жіберілген, даңқты жауынгерлік және еңбек жолынан өткен. Жеңіске тек соғыста ғана емес, сондай-ақ тылда да адамдар өздерінің күштерін аямай жұмсаған. Соғыс ажал шақырушы отпен қайнаған, бірақ тылда да адамдар жеңіс үшін жана білген.

21 қазан 1942 жылғы П.А.Кисурина төрағалық еткен Ново-Тихонов акушер мектебінің педагогикалық кеңесінің №3 хаттамасынан: «Маған аптасына бір рет шахтада көмір түсіру, тиеу ұсынылған. Біз өте ауыр заманда өмір сүрудеміз – бізден мұны Отан талап етеді, соғыс талап етеді, ал біз көмектесуіміз керек және көмектесеміз».

Тыл қызметшілері – медицина училищесінің оқытушылары мен қызметкерлері: Казанцева Ада Михайловна, Чернова Анна Александровна, Кулишина Вера Андреевна, Мезенцева Вера Яковлевна, Старова Нина Яковлевна, Анфилофьева Зоя Петровна, Парыгина Антонина Елизаровна.

Соғыс кезінде акушер мектебінің он екі түлегі көшіғон госпитальдарында жұмыс істеді. Горелова Мария Васильевнаның жауыңгерлік жолы 1941 жылы белорус жеріндегі жылжымалы әскери госпиталінде басталды. Соғыс кезінде госпитальда жұмыс істеген акушер мектебінің түлегі Скрипникова Таисия Петровна соғыс және еңбек ардагері, денсаулық сақтау ісінің үздігі. Ол «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет белгісі» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.

Т.П. Скрипникованың естелігінен: «Бізді бір жылдан кейін не күтіп тұрғанын білместен, үлкен қызығушылықпен оқыдым. Соғыс найзағай сияқты жарқ ете түсті. Не істеу керек? Оқуымды жалғастырып, жұмыс істемек болдым. Ол кезде ескі қалада болатын әйелдер босанатын үйге от жағушы болып тұрдым. Түнімен кезекшілік ететінмін, ал таңертең ұйқым қанбаған, жартылай аш, сабаққа асығатынмын. Қандай қиын болды. Бірақ біз білетінбіз, батыста миллиондаған адамдардың қаны ағып жатқанын, оларға бізден де қиынырық екенін». Сабақтар 2-3 апта тоқтайтын күндер болатын – барлық адамдар қорғаныс өндірісіне өте қажетті, көмір тиеу жұмысына қатысатынбыз. Күнімен, түнімен көлік лентасымен жолдарда тұрған вагондарға көмір тиелетін. Бізге онда Алексей Стахановтың өзі келетін, ол қолынан келгенше біздің көңілімізді көтеретін. Біз онымен нәселке көтеріп жүруді өзімізге мақтаныш көретінбіз.

Жданкина Анна Владимировна акушер мектебін үздік бітірді және соғыс жылдары Ново-Тихонов ауруханасында медбике болып қызмет атқарды. Соғыстан кейін, жұмысқа деген сенімін жоғалтпай, оқуын Томск медицина институтында жалғастырды да, ұзақ жылдар Саранск әйелдер босанатын үйде жұмыс істеді.

1944 жылғы акушер мектебінің түлегі, ССРО денсаулық сақтау үздігі Жданкина Анна Владимировнаның естелігінен: «Біз акушер мектебінің оқушысы бола тұра, шахтада еңбек еттік, көмірді қолмен тиеп, нәселкелерді тасыдық. Бізге небары 16-17 жас еді! Біз күрекпен су құбырларының шұңқырларын қазатынбыз, кейде сол жерде құлап қалатынбыз. Жаз бойы ауыл шаруашылық жұмыстарына қатысатынбыз. Ол кездері едендерінде матрацтың орнына сабан төселген жер кепелерінде тұратынбыз. Бұл Нұра жағасында, Вишневка ауылында болатын. Кей кезде түнгі жұмыстар уақытында қасқырдың көк көздерін көретінбіз. Бірақ біз бос отырмадық, фронтовиктерге киімдер тоқыдық, көшірілгендермен көмірімізді, нанымызды бөлістік». Соғыстан қаза тапқандарға келген қара қағаздарды жылап-еңіреп қабылдап жаттық. Мұны сөзбен жеткізуге болмайды. Есімде, бірінші екі апта Гагарин көшесінде орналасқан, ҚММУ-нің ескі ғимаратында оқыдық. Содан кейін акушер мектебін Жаңа Тихоновкаға ауыстырды. Бізден әскери фельдшерлерді дайындады. Сондықтан оқу бағдарламасында әскери оқу пәндеріне үлкен мағына берілген. Ол кездегі директор Полина Архиповна Кисурина. Ол бізге жұқпалы аурулар сабағынан дәріс оқитын. Акушерлік циклын Виктор Николаевич Александровский жүргізді.

Оқытушылар арасында ғылым дәрежелері бар докторлар мен ғылым кандидаттары болды. 2,5 ішінде біз жақсы білім алдық. Менің бірге оқыған курстастарым облыстың денсаулық сақтау тарихына енгеніне қуаныштымын. Оның ішінде - Дарья Михайличенко, Варвара Пилипенко. Олар акушер мектебінің үздік студенттері болатын, ал кейіннен Қарағандыда мединститут ашылған кезде, олар жоғары білімде алды. Тағы да көптеген мысалдар бар. Босану бөлімдерінің бірінде, кейіннен облыстық акушер-гинекологы болған Эльвира Шмидт жұмыс істеген. Докторлар Мария Сахарова, Валентина Воронова, Людмила Высоцкая-Чайка Саран қаласында үлкен әбүйірге ие болды. Олардың бәрі фельдшер-акушерлік мектептен өткен, соңынан ҚММИ-тын тәмамдағаннан кейін лайықты білікті маман атанды. Мен өзім қалалық № 3 аурухананың көз аурулары бөлімінде 3 жылдай қызмет жасап, 1947 жылы Томск мединститутына түстім. Оны бітіргеннен кейін еңбек жолымды Саран қаласының әйелдер босанатын үйімен жалғастырдым».– Тыл ардагері, денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қарағанды қаласының бүйрек ауруларының дәрігері Коньшин Николай Федоровичте акушер мектебінің түлегі. Ол сабақтан кейін көмір тиейтінін жиі әңгіме қылатын. Екінші курстан кейін Семіз-Бұғаға бөртпе сүзектің алдын алу жұмыстарына жіберілді.



1947 ж.

Мектеп пен жатақхананың оқу, қойма жайлары үш қабатты ғимаратқа орналасқан. Мектепте барлығы 28 үлкен, 18 кішкентай бөлме. Дәрісхана өткізуге, сабаққа барлық қажетті заттары бар алты жарық үлкен бөлме бөлінген. Мектепке қарасты үлкен сахналы 200 адамдық актзалы және спортзалы бар.

Жатақханада 250 адам тұрды, жатқханамен қамтамасыз етілмеген адамдардың саны – 50. Ғимаратта сот-медициналық зертхана, санитарлық сауаттану облыстық үйінің кітапханасы, Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің әдістемелік кабинеті және екі бөлмеге Қарағанды РОКК медбике курстары жайғасқан. Мектепте Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің кейбір қызметкерлері тұрады. 46 бөлменің сегізінде, мектепке қатысы жоқ ұйымдар мен адамдар орналасқан. Мұның бәрі оқу бөлмелерін орналастыру сұрақтарын қиындатады.

Кітапханада соғыстан кейінгі ауыр жағдайларға қарамастан, кітап қоры толықтыру жұмыстары жалғасты. Кітапхананың маңызды құжаты – түгендеу кітапшасы. Ол кітапхана құрылған күннен бастап, оның жабылған күніне дейін жүзеге асырылды. Кітапхана меңгерушісі Леккер Басей Львовна түгендеу кітаптарын ақша құжаттары сияқты жүргізді.

Оқушыларды мектепке тарту үшін Қарағанды облрадиокомитеті арқылы қазақ және орыс тілдерінде хабарландырулар жасалды. Облыстың барлық мектептеріне оқушыларды қабылдау жөнінде хабарландырулар жіберілді. Мектептің үздік оқытушылары, дәрігерлері, түлектері қала мектептерінде жеті сынып бітірген оқушылардың алдындағы жиналыстарда сөз алатын. Партия мен үкіметтің ұлттық кадрларды дайындау бойынша бұйрығын орындай және біздің облысымыздың үлкен аймақтық көлемін және нігізгі халқы қазақ, оның көпшілігі ауылдық жерде тұратынын ескере отыра, мектепке қазақ оқушыларын тарту басты назарда тұрды. Облыстың барлық аудандарының мектептеріне оқу мерзімі, қазақ оқушыларына деген жеңілдіктері көрсетілген шақыру қағаздары жіберілді. Мектеп екі рет ЛКСМ Обком хатшысы мен Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісінің қолдары қойылған қазақ жастарын жинақтау жедел хаттарын ЛКСМ аудандық комитет хатшылары мен аудандық денсаулық сақтау бөлімдерінің меңгерушілеріне жіберді. Бұл маңызды шараның орындалуына облыстың барлық қоғамдық ұйымдары тартылды. Мысалы, «Медсантруд» IV облыстық конференцияның жұмысы кезінде облыстық конференцияға қатысушы медициналық қызметкерлерге мектепке қазақ жастарын жинақтау ісі тапсырылды. Қарқаралы, Жаңа Арқа, Жезқазған, Шет аудандарына қазақ жастарын жинақтау мақсатында қазақ ұлтынан құралған мектеп өкілдері жолға шықты. Мұның нәтижесінде жоспар бойынша берліген 150 өтініштің орнына 312 өтініш берілді. Мектепте сол жылы 12 топ ашылды: 1 курс -6 топ, 2 курс – 4 топ, 3 курс – 2 топ. Оқу жылының басына оқушылардың жалпы саны 411 адамды құрады. Оның ішінде 21 қазақ.

Мектептің жарғысы бойынша, мектепке келушілер ССРО Конституциясынан, орыс тілінен, математикадан емтихан тапсырған. Орта медициналық мектептің оқушысы міндетті болған: нақты білімді меңгеруге, уақытылы үй тапсырмасын орындауға, директордың және оның орынбасарларының бұйрығын бұлжытпай орындауға, жақсы оқуға және қоғамдық жұмыстарды белсенді түрде атқаруға.

Мектепте 25 оқытушы бар, оның ішінде 14 қатар дәрігерлік қызмет атқаратындар. Мектепте қызмет атқарады: биология ғылымдарының кандидаты Колмакова В.А. және медицина ғылымдарының кандидаты - М.Ю.Грюнфест. Физиология пәнінің оқытушысы, дәрігер Чулах М.Г. жолдама бойынша Ташкент дәрігерлерді жетілдіру институтын, ал патологиялық анатомияның дәрігері Чуракова В.А. – Ленинградтағы дәрігерлерді жетілдіру институтын бітірген.

Сабақ кестесі алдын ала педагогикалық кеңесте талқыланатын.

Өткізілетін оқу пәндері ішінде: малярия, Совет Армиясында медициналық қызмет ісін ұйымдастыру, ер балаларға арналған әскери іс, денсаулық сақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

Қыркүйекте 170 оқушы колхозға көмек көрсету ретінде астық жинауға шығатын. Қазанда екінші курстың 120 оқушысы бернеше күн Заготзерно мен Мелькомбинатта күйіп жатқан нанды құтқаруға барды.

Қыркүйекте оқушыларға көгалдандыру үшін Нүркен Әбдіров көшесінен учаске бөлінді.

1948 ж.

Мектеп директоры  Кубан медициналық институтының түлегі  Антоненко Евгения Григорьевна болған.  Ол директорлық қызметті 1956 жылға дейін атқарды.

Мектептегі оқу-әдістемелік жұмыстың  негізгі міндеті -   біздің еліміздің  социалистік құрылысының  ұлы жоспарларын орындауға белсене  қатысатын  коммунистік көзқарасты  оқушыларды дайындау. Педагогикалық кеңестердің бірінде «ЦК ВЛКСМ-ның XVI пленумы  мен ЛКСМ  XIV пленумы қаулысының шешімдері»   тақырыбы бойынша ЛКСМ қалалық кеңесінің хатшысы Насыров жолдас баяндама жасады.

Тәжірибе жұмыстары  жеткіліксіз мөлшерде өткізілуде.  Анатомиялық кабинетке  жету үшін оқушылар 12-14 км жүруі керек.  Микробиологияның  тәжірибесі  облыстық денсаулық сақтау бөлімінде өткізіледі.  Гигиена сабақтары да  мектеп қабырғасында өткізілмеді. Физика және химия пәндерінен  сыныптық тәжірибе де жеткіліксіз өткізілуде, өйткені  реактивтер мен құралдар жеткіліксіз, Мәскеуден жаздырып алынған   құралдар әлі жеткізілмеген.

Сессияға шығарылатын оқу пәндерінен  шолу дәрістері оқылды.  Оқушылардың өзіндік жұмыс жасауларына арнайы бөлме бөлінді.  Мектептің директоры мен оқытушыларына  мектептік комсомол ұйымы көп көмек көрсетті.  Айына екі рет   комсомол жиналыстарында  комсоргтар  топтың үлгерімі мен  тәртібі туралы есеп береді.  Осы 386 баланың ішінде тәртібі бойынша  «4» немесе «3» алған бала жоқ.

Жас мамандарды дайындауда,  өздерінің творчестволық іс-әрекеттеріне қажетті  саяси көзқарас пен күшті моральдық қолдауды  идеологиялық тәртіп бұзышулық  тақырыбындағы ОК БКП(б), ОК ЛКЖО  XVI пленумының шешімдері, № 1863 жоғары Білім Министрлігінің бұйрығы  көп әсер етті.

Оқушыларды марксизм-ленинизм рухында тәрбиелеу – маңызды міндет болып табылды. Сталин жолдастың өмірбаянын білу міндетті болды, Сталин жолдастың өмірбаянын оқу сабақтары кестемен өткізіліп отырылды. Сабақтарды партия бөлген адамдар өткізіп отырды. Мектепте оқушыларға арналған екі үйірме жұмыс атқарып отырды. Сонымен қатар оқытушыларға арналған жеке үйірме жұмыс жасады.

Бір жыл ішінде барлығы 18 дәріс оқылды, олар: «Комсомол қандай болу керек» - баяндамашы СКЖО-ның хатшысы Насыров жолдас; «Патриоттық туралы» - орталық дәріс оқушылар тобының баяндамашысы Мандибура жолдас; «Совет әйелдерінің сырт бейнесі» - БКП қалалық комитеті әйелдер бөлімінің меңгерушісі Трофимова жолдас; «Сталиндік конституция – еліміздегі ең демократиялық конституция» - штаттан тыс баяндамашы, «Қарағанды көмір» комбинатының инженері Брофман жолдас; «Коммунистік партияның Манифесі» - облыстық денсаулық сақтау бөлімінің инженері П .И.Поспелов; «Тарихи және диалектикалық материализм туралы» - Мұсабаев атындағы институттың оқытушылар кафедрасының оқытушысы.

Қорғаныс-жаппай жұмысын Осоавиахима «РОККА» басқарады, оның құрамында 250 мүше бар, олар - ГТО и ПВХО  белгілерінің мүшелері.  Мектеп АСО «Дәрігердің» негізгі базасы болып табылады, 260 оқушы  белсенді спорттық жұмыстары үшін  ЛКЖО ОК-нің мақтау қағаздарымен марапатталған.

Мектепте оқу жылы ішінде драмалық және би үйірмелері жұмыс жасады. Сайлау кампаниясы кезінде 11 концерт берілді, ал жыл бойы барлығы – 23 концерт.

Мектепті үнемі «Медициналық кадрлар үшін» жалпы мектептік газет шығарылады. Мектепте облыстық газеттердің көрмесі бар. Мектептің коридорлары мен залдарында плакаттар мен лозунгылар ілінген.
Ақпан айында 250 адам қалааға қарасты темір жолдарды тазалауға қатысты. Біздің баскетболшылар мен волейболшылар көктемгі ойында қала чемпионы атанды.

 





1948 ж.

Мектеп директоры Кубан медициналық институтының түлегі Антоненко Евгения Григорьевна болған. Ол директорлық қызметті 1956 жылға дейін атқарды.

Мектептегі оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті - біздің еліміздің социалистік құрылысының ұлы жоспарларын орындауға белсене қатысатын коммунистік көзқарасты оқушыларды дайындау. Педагогикалық кеңестердің бірінде «ЦК ВЛКСМ-ның XVI пленумы мен ЛКСМ XIV пленумы қаулысының шешімдері» тақырыбы бойынша ЛКСМ қалалық кеңесінің хатшысы Насыров жолдас баяндама жасады.
Тәжірибе жұмыстары жеткіліксіз мөлшерде өткізілуде. Анатомиялық кабинетке жету үшін оқушылар 12-14 км жүруі керек. Микробиологияның тәжірибесі облыстық денсаулық сақтау бөлімінде өткізіледі. Гигиена сабақтары да мектеп қабырғасында өткізілмеді. Физика және химия пәндерінен сыныптық тәжірибе де жеткіліксіз өткізілуде, өйткені реактивтер мен құралдар жеткіліксіз, Мәскеуден жаздырып алынған құралдар әлі жеткізілмеген.

Сессияға шығарылатын оқу пәндерінен шолу дәрістері оқылды. Оқушылардың өзіндік жұмыс жасауларына арнайы бөлме бөлінді. Мектептің директоры мен оқытушыларына мектептік комсомол ұйымы көп көмек көрсетті. Айына екі рет комсомол жиналыстарында комсоргтар топтың үлгерімі мен тәртібі туралы есеп береді. Осы 386 баланың ішінде тәртібі бойынша «4» немесе «3» алған бала жоқ.
Жас мамандарды дайындауда, өздерінің творчестволық іс-әрекеттеріне қажетті саяси көзқарас пен күшті моральдық қолдауды идеологиялық тәртіп бұзышулық тақырыбындағы ОК БКП(б), ОК ЛКЖО XVI пленумының шешімдері, № 1863 жоғары Білім Министрлігінің бұйрығы көп әсер етті.

Оқушыларды марксизм-ленинизм рухында тәрбиелеу – маңызды міндет болып табылды. Сталин жолдастың өмірбаянын білу міндетті болды, Сталин жолдастың өмірбаянын оқу сабақтары кестемен өткізіліп отырылды. Сабақтарды партия бөлген адамдар өткізіп отырды. Мектепте оқушыларға арналған екі үйірме жұмыс атқарып отырды. Сонымен қатар оқытушыларға арналған жеке үйірме жұмыс жасады.
Бір жыл ішінде барлығы 18 дәріс оқылды, олар: «Комсомол қандай болу керек» - баяндамашы СКЖО-ның хатшысы Насыров жолдас; «Патриоттық туралы» - орталық дәріс оқушылар тобының баяндамашысы Мандибура жолдас; «Совет әйелдерінің сырт бейнесі» - БКП қалалық комитеті әйелдер бөлімінің меңгерушісі Трофимова жолдас; «Сталиндік конституция – еліміздегі ең демократиялық конституция» - штаттан тыс баяндамашы, «Қарағанды көмір» комбинатының инженері Брофман жолдас; «Коммунистік партияның Манифесі» - облыстық денсаулық сақтау бөлімінің инженері П .И.Поспелов; «Тарихи және диалектикалық материализм туралы» - Мұсабаев атындағы институттың оқытушылар кафедрасының оқытушысы.

Қорғаныс-жаппай жұмысын Осоавиахима «РОККА» басқарады, оның құрамында 250 мүше бар, олар - ГТО и ПВХО белгілерінің мүшелері. Мектеп АСО «Дәрігердің» негізгі базасы болып табылады, 260 оқушы белсенді спорттық жұмыстары үшін ЛКЖО ОК-нің мақтау қағаздарымен марапатталған.
Мектепте оқу жылы ішінде драмалық және би үйірмелері жұмыс жасады. Сайлау кампаниясы кезінде 11 концерт берілді, ал жыл бойы барлығы – 23 концерт.

Мектепті үнемі «Медициналық кадрлар үшін» жалпы мектептік газет шығарылады. Мектепте облыстық газеттердің көрмесі бар. Мектептің коридорлары мен залдарында плакаттар мен лозунгылар ілінген.

Ақпан айында 250 адам қалааға қарасты темір жолдарды тазалауға қатысты. Біздің баскетболшылар мен волейболшылар көктемгі ойында қала чемпионы атанды.

1948 ж.

Ленин көшесінде орналасқан мектеп ғимаратының бірінші қабатының жартысы мен барлық үшінші қабаты жатақхана ретінде берілген, 20 бөлмеде 306 адам жатты. Жатақхананың кішкентай бөлмелерінде 12-14 адамнан тұрды, ал ер балалар 1 кереутте 2 адамнан жатты. Жұмыс бөлмесі болмады, сондықтан оқушылар бөлмелерде сабақтарына дайындала алмады. Жатақханада пеш жағылатын. Сәуір айында қалалақ кеңестің Орындаушы комитетінде біздің мектеп оқушыларының тұрмыстық жағдайы қаралды.

Исполком Облыстық денсаулық сақтау комитеті мен «Қарағанды көмір тресін жатақхананы барлық қажетті заттармен жабықтау жұмысын тапсырды. Жартылай үстелдер мен орындықтар берілді. Мектепте асхана жоқ, бірақ көрші институтпен келісім арқылы біздің оқушылар сол асханадан тамақтанып жүрді. Жатақханада балалардың өздері тамақ жасай алатын шағын кухнясы болды. Төсек-орын айына 1 рет ауыстырылып тұрды. Жатақханамен қамтамасыз етілмеген 114 адам жеке пәтерлерде тұрды, мектеп олардың әрқайсына ай-сайын 30 рубльден төлеп тұрды.

Мамыр-маусым айларында біз жаңадан ашылған қалалық травмотологиялық аурухананы қамқорлыққа алып, 20 күн ішінде аурухананың ауласын көгалдандырдық. Қыста оқушылар теміржол табандары мен шахтының алдын тазаулауға шықты.

Мектеп әкімшілігі барлық мұқтаж оқушыларға көмек көрсетті. Балалар үйінің 13 тәрбиеленушілері мемлекеттік қамтамасыз етілуде. Көптеген оқушылар санаторийлерге, демалыс үйлеріне жолдама алды, оның ішінде көпшілігі кәсіподақ комитеті есебінен. Барлық мектеп қызметкерлердің бау-бақша егетін жерлері бар.

1944 жылдан мектепте физика пәнінің оқытушысы, ал 1949 жылдан 1977 жылға дейін мектеп директорының оқу жұмыстары бойынша орынбасары болып қызмет атқарған Кирнос Клавдия Ефимовнаның атына үлкен мейірімді сөздер айтуға болады.

Клавдия Ефимовна өзін оқытушылардың жоғары кәсіби ұжымын құруда білікті маман ретінде көрсете белді. Клавдия Ефимовна туралы естелік мәңгі біздің жүрегімізде.

1950 ж.

Мектептің атауы Қарағанды облыстық акушер мектебі.

1 қаңтар 1950 жылы оқушылардың саны – 395 адам. Курстарға бөлгенде: 1 курс фельдшер бөлімшесі – 60 адам, акушер бөлімшесі – 48 адам, 2 курс фельдшерлік-акушерлік бөлімшесі – 137 адам, акушерлік бөлімше - 48 адам, 2 курс фельдшерлік-акушерлік бөлімше – 137 адам, 3 курс – фельдшерлік-акушерлік бөлімше – 151 адам.

Оқу барысында әр оқушы 20 әйелді босандырып алуға міндетті болатын.

1951 ж.

Дәрігерлердің жетіспеушілігі  кадрларды дайындауда үлкен кемшілік болды (Қарағанды акушер мектебінің жұмысы есебінен). Әйелдер босанатын үйдің үш дәрігері  мектепте теориялық курс  оқыды және тәжірибені басқарды. Мектепті оқулықтар мен көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету жұмысы өте төмен.

1952 ж.

Мектептің ғимараты жаңадан ұйымдастырылған медицина институтына берілді. Мектепке бастапқы кезде 8 бөлме бөлінді, ал желтоқсан айында небары 2-3 сыныптық бөлмелер ғана қалды. Мектепте 12 топты жиі біріктіріп отырды, бір бөлмеде 60 адамнан отырды. Көпшілік жағдайларда балалар сабақтарын тұрып тыңдайтын. Сабақтар түскі сағат 4-тен басталатын. Жөндеу жұмыстарына байланысты бөлмелерде тоқ сымдар жоқ еді. Көрнекілік құралдарды пайдалануға мүмкіншілік болмады, олар жатақхананың қоймасында шаң жұтып жата берді.



1953 г.

Директор  Антоненко Евгении Григорьевнаның басқарушылығымен  санитарлық фельдшерлер мен  тіс дәрігерлерінің дайындығы басталды.  Оның қасында тамаша дәрігерлер қызмет атқарды: Зиссерсон Эрне Исаевна- денсаулық сақтау ісінің үздігі, облыстық аурухананың бас дәрігері; Зусман Давид Аврамович -  емдеуші дәрігер,Мәскеу медициналық институтының түлегі;  Коломенская Тамара Александровна –  денсаулық сақтау ісінің үздігі, қалалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі;  Зося Андрей Александрович –  тіс дәрігері; Дегтярев Сергей Тихонович – физика және  математика  пәндерінің оқытушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері  және т.б.



1954 ж.

1954 жылы қалалық кеңес орындаушы комитетінің шешімімен фельдшерлік-акушерлік мектеп салуға № 110 Жаңа кварталынан 1,1 га көлемінде жер учаскесі берілді. Училищеге бұрыңғы Чкалов көшесіндегі ҚКТУ-нің жатақханасынан тұратын оқу үй-жайын бөлді.

Сол уақыттан бастап мектеп медициналық училище деп аталды.

Училищеде спортзалы жоқ. Денешынықтыру сабақтары мен секциялық жұмыстар жалға алынған базаларда өткізілді, ал гимнастика сабақтары мұндай жұмысқа өте қолайсыз акт залында өткізілді.
120 адам сиятын акт залы бар. Кітапхана мен оқырмандар залы екі өте кішкентай бөлмелерде орналасқан.


1955 ж.

50-ші жылдары  халықты емдеу құралдарымен қамтамасыз ету 55 қалалық және 30 ауылдың емханаларда жүзеге асырылды.  Бұл, әрине, өте аз, ол кездегі Қарағанды облысындағы көмір және металлугиялық  өндірстің тез дамуы,   халық санының едәуір артына әкеліп соқты.  Осыған байланысты  облыстағы дәріхана  өндірісінің  тез дамуы және «Фармация» мамандығы бойынша  білім беру ісін  жүзеге асыру  көкейтесті мәселе болды.