Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Шыңға 80 қадам. 2 бөлім

05 қараша 2015

1956 ж.

1956 жылдан медициналық училищені, өзінің еңбек жолын Ақтоғай ауданынан бастаған, содан кейін қызметін қалада жалғастырған, тәжірибелі хирург Қайназаров Шаймерден Қайназарович басқарды.
Осы жылдары педагогикалық ұжым Қарағанды медициналық институтының алғашқы түлектерімен толықтырылды: Дюсембаев Ермухан Бахтыбекович – биолог-физиолог; Ашимова Ш.Ф. – тері ауруларының оқытушысы; Кайшибаев Смағұл Кайшибаевич – неврология пәнінің оқытушысы, профессор; Сахбаев Асылхан Сахбаевич – анатомия пәнінің оқытушысы, сондай-ақ ерлі-зайыпты оқуды қызыл дипломмен бітірген Аскарова Күлзия және кейіннен ҚР-нің денсаулық сақтау Министрлігінің министрі, әлемдік масштабтағы денсаулық сақтау ісінің лидері Шарманов Торегельды Шарманович.

 

Шарманов Торегельды Шарманович

1957 ж.

Училище оқытушылармен толықтырылды. Училищеде барлығы 30 оқытушы, оның ішінде -15 штатағы. Училищеде 3 ЦМК жұмыс істеді: жалпыбілімдік, жалпымедициналық және клиникалық пәндер бойынша.
Училищеде тіс дәрігерлерін дайындайтын бөлімше ашылды. Оқушыларды жинақтау мақсатында «Социалистическая Караганда» және «Социалистік Қарағанды» газеттеріне және радиоға хабарландырулар берілді. Қазақ балаларын оқуға тарту мақсатында облыстың аудандарына партия мен қоғамдық ұйымдардың атына қызметтік хаттар жіберілді. Каникулға немесе өндірістік тәжірибеге кетіп бара жатқан оқушыларға қазақ жастарының арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырмалары берілді. Оқу жылының басында оқушылар саны – 541 адам.

Оқу-көрнекілік құралдарының жетіспеушілігі байқалды.

Аптасына 1 рет топтарда саяси ақпарат сабағы өткізіліп тұрды. «Медициналық кадрлар үшін», «Бокс» атты жалпы училище газеттері, жатақханада «Салауатты тұрмыс» газеті шығарылып тұрды.
Училищеде 4 үйірме жұмыс атқарды: тарихи, анатомиялық-физиологиялық, акушерлік-гинекологиялық, хирургиялық. Хор және би үйірмелері жұмыс жасады.

Училищеде лыжи, жеңіл атлетика , үстел теннисі, жүзу, шазмат, атқыштар секциялары жұмыс атқарды. ГТО белгілерінің жүлдегерлері 30 адамнан тұрды: атудан -5, жеңіл атлетикадан – 3, жүзуден жаттықтырушылар -1, үстел теннисі -1, жеңіл атлетика – 2, атудан -1.

Барлық оқытушылар пәтерлермен қамтамасыз етілген. Қалағандарына жер учаскелері бөлінген.



1958 ж.

Училищеде 35 оқытушы қызмет атқарды, оның ішнде штаттық -18, 4 зертханашы.
Училищеде 4 ЦМК жұмыс істеді: жалпыбілімдік, жалпымедициналық, санитарлық-гигиеналық және клиникалық пәндер бойынша.

1-ші курсқа 71 адам қабылданды, жедел дайындау топтарына – 181 адам. Бөлімшелері: тіс дәрігері, акушерлік қысқартылған оқу мерзімімен, санитарлық-фельдшерлік қысқартылған оқу мерзімімен.

1959 ж.

Алырщиков В.Д.

Училищеде газет көрмелері мен жаңа көркемдік және ғылыми-танымал адебиеттердің көрмесі бар. Жаңа спорттық секциялар ашыла бастады: баскетболдан, волейболдан, велоспорттан. Оқушылар орта оқу орындары бойынша республика біріншіліктеріне қатысып отырды. Жүзуден 3-ші орын алынды. Алырщиков республика чемпионы атанды. «Еңбек» БСҚ –ның мүшелері - 420 адам.

1960 ж.

1960 жылы училищеде Фармация» мамандығы бойынша 70 мектеп түлегі қабылданды. Бөлімшенің басында тұрған оқытушылар: Лубнина Людмила Ивановна, Касымов Кадыр Касымович, Тлеугабылова Адиша Абиловна, Шнайдер Галина Александровна, Фегеле Галина Юрьевна, Беля Лариса Францевна, Иванова Полина Анисимовна. Бұл адамдардың барлық келешек өмірі училищемен байланысты болды, әрқайсысы 30 жылдан астам еңбек етті.

Барлық оқытушылар саны 38 адам, штаттағы -28.

Медбикелер сырттай бөлімінде 150 адам оқыды (оның ішінде 7 сыныптық білімі барлары да), фельдшерлік кешкі бөлімда 7 жылдық біліммен – 30 адам. 37 тіс дәрігерлері дайын болды. Тіс-дәрігерлік бөлімнің тәжірибелік сабақтары училище емханасының базасында өткізілді. Тәжірибелік сабақтар мединститут студенттерінен босамауына байланысты акушер мамандығының сабақтарын өткізуде қиыншылықтар туындады.

1961 ж.

3 ЦӘК қызмет атқарды: жалпымедициналық, клиникалық, тіс дәрігерлері пәндерінің.


Үйірмелер жұмыс жасайды: тарихи, терапевтік, тіс дәрігерлік. Жаңа көркем өнерпаздық үйірмелер ашылды: домбыра мен үрмелі оркестр.

Жаңа спорт секциясы құрылды – коньки тебуден. 17 адам шахмат бойынша 2 адам 3-ші разрядқа, үстел теннисынан 2 адам 3-ші разрядқа, жеңіл атлетикадан 7 адам 3-ші разрядқа ие болды. «Шприц», «Будильник», «Перец» атауларымен топтық әзіл-сықақ газеттері шығарылды.

1962 ж.

1962 жылдан  1982  жылға дейін  училищенің директоры Рахимбеков Мукен Садыкович  болды.  Оның басшылығымен  6 мамандық бойынша  медициналық қызметкерлерді дайындау үшін  материалдық-техникалық база құрылды,  оқу корпусына қосымша бөлмелер қаланды.  

Мукен Садыковичтің  еңбек жолы белсенді  өмір ағымымыен қатар  өтті. Екі рет ол аудандық Кеңестің депутаты болды, ССРО денсаулық сақтау  ісінің үздігі, Халықтар Достығы орденінің кавалері.

М.С. Рахимбеков медицина училищесінің директоры

1963 ж.

Өмір  денсаулық сақтау істерін дамыту  мен медициналық колледждің  тарихына  өз өзгертулерін енгізді. Бұрынғыдай  орта буынның  медициналық қызметкерлері  жетіспеді. 1 қыркүйек 1963 жылы  4 ауыл аудандарында, 3 қалалық ауруханаларда,  қаланың маңындағы кішірек қалаларда  медбикелерді дайындау филиалдарын ашу, туралы шешім қабалданды.  

Бұл оңай жұмыс болған жоқ,  тәжірибелік денсаулық сақтау  дәрігерлері мен училище оқытушыларының тығыз қарым-қатынасы  көкейтесті мәселені шешуге көмектесті: оқудың 3 жылы ішінде 211 медбике шығарылды.

1964 ж.

18.10.1964 ж. №118 Қазақ ССР жоғары және орта арнаулы білім беру министрінің бұйрығына сәйкес училище қасында оқытушы-дәрігерлерге 100 сағатты бағдарламамен психология мен советтік педагогиканы оқу курстары ұйымдастырылды.

Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің отырыстарында аудандық ауруханалардың бас дәрігерлерімен оқуға ауылдық жерден қазақ балаларын тарту сұрағы талқыланды.

Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің атынан аудандық орындаушы комитеттеріне өз аудандарының орталау мектептерінің түлектерін оқуға шақырту туралы хаттар жіберліді.

Оқу ғимараты училищенің талаптарын қамтамасыз ете алмады, ғимарат типтік емес, мұнда сабақтар үш аусыммен өткізіліп тұрды. Оқу ғимаратына орталықтан жылу берілді.

Жатақханада училищенің талаптарына сай емес, онда 120 бала орналасқан. 2 қазан 1963 жылғы № 701 Қазақстан КП ОК мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес Қарағанды облыстық партия комитеті және облыстық атқару комитетімен Қарағанды медицина училищесіне жатақхана салу туралы 504/ 17 1964 жылдың 15 қарашасынан шешім қабылданды.

Тіс протезінің кабинеті уақытша облыстық аурухананың, ал сәуірде № 1 қалалық аурухананың балансына берілді. Қалада тіс емханасының ашылуына байланысты, мамыр айынан бастап училищенің тіс емдеу емханасы жабылып, қайтадан қалалық тіс емдеу емханасынан ашылды. Осы жылдан бастап училищеде түберкүлезбен күресу комиссиясы жұмыс жасайды.

1965 ж.

Училищеде 5 үйірме жұмыс жасайды: тарихи, әдебиеттік, химиялық, анатомиялық-физиологиялық, тіс емдеу дәрігерлерінің, терапевтік, хирургтік және акушер-гинекологиялық.

Училищеде түберкүлезбен күресу комиссиясы жұмысын жалғастыруда.

1966 ж.

Қысқы каникулдар кезінде Қарағанды тау-кен  техникумында  облыстың барлық  медициналық училищелері  оқытушыларының  қатысуымен  конференция өткізілді. Онда  әдістемелік және тәрбиелік тақырыптар бойынша  баяндамалар  тыңдалып, талқыланды.

1967 ж.

Училищенің өз асханасы жоқ, тіпті оқу корпусында буфетте жоқ. Жатақханада тұратын оқушылар, жатақхана қасында жұмысшыдар асханасынан тамақтанады немесе өздері жатақхананың ас дайындайтын бөлмесінде дайындайды. Жатақханад кір жуатын бөлме, гигиена бөлмесі, оқушылардың тамақтарын сақтайтын қойма бар. Қызыл бұрыш бөлмесінде теледидар мен газет пен журналдардың жинақтамасы бар.

1968 ж.

Айына 1 рет училищенің ұжымы   қалада тәртіп сақтау  істеріне қатысады.

 

1969 ж.

Училищеде  интернационалдық  достық Клубы құрылды. КИД мүшелері ЧССР, ГДР ,ПХР,Украина медициналық училищелерімен тығыз байланыста.

 

1970 ж.

Күндізгі бөлімнің оқушылар контигенті 999 адамды құрайды. Филиалдарда 88 оқушы оқиды. Кешкі бөлімде 8 сынып бітірген 100 оқушы. Сырттай бөлімде 8 сынып бітірген 41 медбике.

Училищеде 40 орындықты асхана мен дәрігерлік бөлімше бар.

Биылғы оқу жылы оқу корпусына 260 оқушы тұратын жатақхана қосылған. Жатақханада 2 қызыл бұрыш бар, оның әрқайсысында теледидар, гезеттердің тізбелері, көркемдік әдебиет, кір жуатын бөлме, кухня, гигиена бөлмесі, изолятор, душ, оқушылардың тамақтарын сақтайтын үй-жайлары бар.

Кітапхананың қызметкерлері - кітапхана меңгерушісі Ильясова Шолпан Ильясовна мен кітапханашы Бреслова Елизавета Яковлевналармен кітапхананың, кітапхана каталогтары мен картотекалардың анықтамалық-библиографиялық аппаратын құру және медицина училищесінің жатақханасында оқырман залын ашу істері бойынша үлкен жұмыс жасалды.

 

1971 ж.

Оқу корпусы мен жатақханада өзіне-өзі қызмет көрсету жұмысы жолға қойылды. Оқушылар сабақтан кейін дәрісханаларда ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізеді. Жатақхананың дәліздерінде ылғалды тазалау жұмыстарын кезекшілер жүргізеді.

Кәсіподақ ұйымынан жолдамалар берілді: 8-санаторлық-курорттық емделулерге, 19 – демалыс және туристік үйлеріне, 5- пионер лагерлеріне. Профкоммен қатты мұқтаж оқушыларға - 225 рубль, директор қорынан - 80 рубль берілді. 53 адам 1030 рубльге тегін диетикалық тамақтану алды. Пәтерлерде тұратын 100 оқушы пәтерлік ақша алады.

1972 ж.

БӘД (бастауыш әскери  дайындық) сабақтары енгізілді. БӘД сабақтарын өткізу үшін  оқу қару-жарақтарын  сақтау  мақсатында  дабыл қағатын  құралымен  арнайы кабинет бөлінді. Оқушылар БӘД сабақтарының теориялық курстарынан басқа  тәжірибелік сабақтарында өтуде.

1973 ж.

Училищеде құрамында 17 адамы бар  еңбекті ғылыми ұйымдастыру кеңесі құрылған. Жоспарға сәйкес ЕҒҰ  лауазымдық ережелерді жасау,  жұмыстың  тиімді кестесін құрастыру,  оқу-тәрбие процесін  ғылыми түрде ұйымдастыру сұрақтарымен шұғылданды.

1974 ж.

«Біз және заң» дәрістік жұмыс ұйымдастырылды.

Оқушылар қоғамдық-саяси тақырып бойынша Бүкілодақтың творчестволық жұмыс конкурсына қатысады. Училищеде қалалық, облыстық және аудандық жарыстарға қатысатын атқыштар үйірмесі ұйымдастырылып, қызмет атқарды. Жыл сайын оқушылар еңбек семестрінде «Ильич жолы» совхозының астығын жинауға белсене қатысады.

1975 ж.

Оқу жылының басында 1148 адам оқыды. Орал және Жезқазған қалаларынан 15 адамнан арнайы жинақтау бойынша 10-сынып базасымен келген оқушылардан фармацевтік бөлім жинақталды.

Жыл бойы радиоузел жұмыс істеді. Айына 2 рет «Юность» газеті шығып тұрды. Тоққа косылған «Бұлшық еттер» және «Бас миының орталығы» қабырға стендттері құрылды.

«Іздеу» тобы» Ұлы Отан соғысына қарағандылық-қатысушылар туралы материал жинақтау жұмыстары бойынша іздеушілік және өлкетаншылық жұмыстармен шұғылданды.

Эстетикалық тәрбиелеу сыныптық сағаттарын өткізу мақсатында Қарағанды музыкалық училищесінің оқушылары шақырылды.

Оқу ғимаратында оқыту барысында санитарлық-гигиеналық жағдайларды жақсарту мақсатында кезекшілік ұымдастырылды, санитарлық жағдай туралы ақпарат «Юность» және «Комсомольский прожектор» радиогазеттері арқылы берілді.

Оқушылар көркемөнерпаздар үйірмесіне белесене қатысты, би үйірмелері және қазақ, орыс тілдерінде 2 хор ұйымдастырылды. Көркемөнерпаз мүшелері қалалық фестивальде училище орталау оқу орындары арасында 2-ші орынды иеленді.

Оқушылардың күшімен қолөнері (тігу, тоқу, кесте тоқу, ағаш кесу) бойынша 2 көрме ұйымдастырылды. Көрменің экспонаттары Балалар үйіне берілді. Оқушылар ВЛКСМ-ның 30 жылдығы паркінің аймағын көгалдандыру жұмысына үлкен көмек көрсетті. Оқушылар Мичурин аудананың «Есенгельдинский», «Самарский» совхоздарында көкөніс және егін жинау, «Қазақстан» совхозында және Қарағанды қ. Совет ауданының көкөніс базасында қартопияны реттеу жұмыстарын жасады. Совхоздарда оқушылардың еңбегін ұйымдастыруда социалистік жарыс өте маңызды рөл орындады. Біздің училищенің оқушылары социалистік жарыс қорытындысы бойынша ауыспалы вымпел мен ақшалай сыйлықтарды жеңіп алды.

Крылов көшесінде 420 адам тұратын, ішінде барлық жағдайы бар бес қабатты жаңа жатақхана салынды. Барлық тұрғын бөлмелеріне радио қосылған. Жатақханада 2 кереуеттік оқшаулау бөлмесі мен ішіне теледидар қойылған 120 орындық актзалы бар. Әр қабатта тамақ дайыдауға арналған пештері мен тұрмыстық бөлмелері бар. Тұрмыстық бөлмелерде кір үтектейтін орындар ұйымдастырылған. Әр қабатта 2 бөлме тек сабаққа дайындалу үшін берілген. Жуынатын бөлмелер 1-ші қабатта. «Бидо» белгісі бар қыздардың гигиеналық тазалықтарына арналған бөлмелер 2-ші қабатта тұратындарына екі жерде жабдықталған. 40 адамдық орындық орны бар буфетте негізінен училище асханасынан әкелінетін дайын тағамдар.

Дәрігерлік көмек 2-ші емхананың ересек балалар дәрігерлерімен жүзеге асырылады. Жылына 1 рет оқушылар терең тексерістен өтеді.

Жергілікті комитетте тұрғын үй алуға кезекте 10 адам тұр.

1976 ж.

Оқу жылының басында 1202 бала оқыды. Медучилищеде «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің дәрігерлік-санитарлық бөлімінде медбикелерді дайындау филиалы ашылды. 250 кереуетке емханалық бөлімшесімен қоса есептелген қалалық типті аурухана. Теориялық сабақтардың оқу базасы - жастардың жұмыс мектебіне арналған бөлме және тәжірибелік сабақтар үшін – стационар мен медсанчасть емханасы. «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің дәрігерлік-санитарлық базасының филиалында 30 оқушы білім алды.

Биылғы оқу жылы күнделікті босатылған тәжірибе сабақтары арнайы журналдарға тіркелген. Берілгендер ай-сайын «Үлгерім экранында» орын алды. Жыл бойында 8 ЦӘК жұмыс жасады: қоғамдық және гуманитарлық, жалпыбілімдік, клиникалық, санитарлық-гигиеналық, жалпымедициналық және фармацевтік пәндер, ішкі, хирургиялық, балалар аурулары мен акушер оқытушыларының. Сабақ өткізу барысында оқытушылар «Огонек» атты машинасыз бағдарланатын бақылау мен бағдарламалық-бақылау құралын кеңінен пайдаланды.

Қаңтар айында ЦӘК төрағалары және Теміртау, Арқалық, Балқаш, Жезқазған медициналық училищелердің оқытушылары шақыртылған, училищенің оқытушыларына арналған педагогикалық оқулар өткізілді.

Оқушылар қоғамдық-саяси тақырып бойынша Бүкілодақтық творчестволық жұмыс конкурсына қатысты. Бұл жылы конкурсқа 526 адам қатысты. 6 жұмыс облыстық байқауға қатысты, оның үшеуі мақтау қағаздары мен құнды сыйлықтармен марапатталды («Отан үшін ұрыстардағы батыр-қазақстандықтар», «Капитализмның жалпы дағдарысындағы заманауи кезең», «Коммунизм құрылысындағы комсомол»).

1977 ж.

Бұл жылы училищеде кешкі бөлімнің сабақтары басталады. Училище құрамына Балқаш, Жезқазған, Қостанай, Теміртау медициналық училищелері кіретін Қарағанды аймағының базалық училищесі болды.

Училищенің әдістемелік кабинеті, Орталық Қазақстанның басқа да колледждерімен озат тәжірибелермен бөлісу білім беру, әдістемелік жұмыстарын реттеді. Біздің училищеде ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кеңейтілген әдістемелік кеңестер өткізілді. Училище 1996 жылға дейін базалық болды.

Училищеде Бүкілодақтық комсомол жиналысы өтті. Оның тақырыбы: «Әр комсомолға - коммунистік ой-сана, белсенді өмірлік позиция!». Әр топқа белгілі қоғамдық-пайдалы іс тапсырылды: Балалар үйінің топтарына қамқорлық, милицияның балалар бөлмесіне қамқорлық, №19,21 ҚКТУ-ге қамқорлық, интернационалдық жұмыс және т.б.

№ 19 ҚКТУ-нің оқушыларымен бірлескен «Қыздар» клубы құрылды. Сәуір айында № 19 училищенің қыздары біздің оқушыларға арнап, өз қолдарымен дайындаған киімдер көрмесін ұйымдастырды. №21 қамқорлық көрсететін оқушылар онда кешетерге қатысты, тәрбиесі қиын оқушылармен әңгімелер өткізді.

Биылғы оқу жылы диеталық тамақтануға 59 жолдама берілді, десалыс үйоеріне - 15, санаториялық-курорттық емделулерге -8, «Қазақстандық» туристік поезына 2.

1978 ж.

Оқу жылының басында училищеде 1304 оқушы оқыды, оның ішінде күндізгі бөлімде – 1059, кешкі бөлімде – 245. 8 сынып базасында 10 адам, 10 сынытптық базамен -819, филиалда – 35 адам.

Жатақханада оқушылар өздерінің сүт және ет тағамдарын сақтайтын 4 тоңазытқыш орналасқан.

Кәсіподақтың жолдамалы бойынша 39 оқу ҚММИ-ның профилакториында емдеу қабылдады. 59 оқушы әлеуметтік сақтандыру есебінен жеңілдетілген жағдайда диетикалық тамақтануға рұқсат алды, оның ішінде 12-сіне жолдама тегін берілді. ВКК өтініштері мен көшірмелеріне сәйкес жазғы уақытқа жолдамалар берілді: санаторлық-курортттық емдеулерге -5, 2-і тегін, демалыс үйлеріне – 16, 1-тегін, 4- туристік жолдама.

Оқытушыларға санаторлық-курорттық емделулерге 3 жолдама берілді, демалыс үйлеріне – 2, диетикалық тамақтануға - 5 және 1 жолдама тегін.

1979 ж.

Оқу жылының басында училищеде 1447 бала оқыды, оның ішінде күндізгі бөлімді – 1115 бала, кешкі бөлімде – 332. 8 сынып базасымен – 299, 10 сыныптық базамен – 1148, филиалдарда – 63 адам. Күндізгі бөлім санитарлық фельдшерлерді, акушерлерді, фармацевтерді, жалпы сала медбикелерін, балалар мекемесінің медбикелерін дайындады.

Топтар арасында социалистік жарыстар өтті. Жарыстың қорытындысы әр айдың соңында шығарылып, «Үлгерім экранында» көрсетіліп тұрды. Пән сабақтары, және «Үздік маман» жарыстары өткізілді.

Сабақтардың сапасын арттыру мақсатында сабақтан тыс шаралар, олимпиадалар, конкурстар өткізіліп тұрды. Химия қабинетінің оқытушыларымен химия апталығы өтті, онда баядамалар оқылды, тәжірибелер жасалды, радиогазеталары шығарылды, соңында «Заманауи химия адамға қызмет етеді» тақырыбы бойынша кеш ұйымдастырылды. Қазақ ССР денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына және облыстық халықтық денсаулық сақтау бөлімінің жарлығына сәйкес, медбикелер бөлімінің 3 курс оқушылары тұмай эпидемиясына байланысты 1979 жылдың 26 желтоқсанынан 1980 жылдың 9-қаңтарына дейін жұмысқа қаланың емдеу мекемелеріне жіберілді.

1-қыркүйектен штаттық кестеге директордың тәжірибе ісінің орынбасары лауазымы енгізілді. Облыстық халықтық денсаулық сақтау бөлімінің бұйрығымен тәжірибелік іс жұмыстарын өту базалары болып 32 дәріхана, 22 емдеу мекемелері, 4 санэпидемстанциялары бекітілді.

Педагогикалық кеңесте маркстік-лениндік көзқарасты, қоғамдық пәндерді оқытуда жоғары адамгершілікті қалыптастыру әдістері мен жолдары талқылауда тұрған мәселелердің бірі болды.

Класс жетекшілердің жұмыс жоспарында лениншіл тақырыбын, В.И.Лениннің 110-жылдығына арналған шараларды өткізу формалары орын алды. 1979-1983жж. саяси-тәрбие жұмыс жобалы жоспары құрылды, онда келесі жұмыстың бөлімдері қарастырылды: коммунистік көзқарасты қалыптастыру, советтік патриотизм мен пролетарлық интернационализмды тәрбиелеу, ғылыми-атеистік тәрбие, еңбекке деген коммунистік көзқарас, социалистік гуманизмді тәрбиелеу.

Жатақханада биология ғылымдарының кандидаты С.Н.Рыковскаямен «Ленин және советтік денсаулық сақтау» дәрісі, Алматы филармониясының қатысуымен «Ленин өміріндегі музыка» дәріс-концерті өткізілді. Музыкалық училищенің оқушылармен «Жұлдыз және Хоакин Мурьеттың ажалы» атты спектакль қойылды. Жатақхананың кеңес мүшелерімен «Комсомол жарығы» рейдтері мен «Үздік бөлме», «Үздік қабат» жарыстары өткізілді.

Училищеде медициналық бөлім орналасқан, онда медициналық қызметкетерлер оқушылардың амбулаториялық істерін жүзеге асырады және жоспарлы тексерістер мен емдеулер жүргізеді. Жыл сайын № 2 емхананың дәрігерлерімен тереңдетілген медициналық тексеріс жүргізіледі. Училищеде «Донор күні» өткізіліп, оның нәтижесінде 105 адам қан тапсырды. 8 оқушы, оның ішінде екеуі өз денсаулығын санаторийларда жақсартты. «Манкент», «Бурабай» демалыс үйлеріне 9 оқушы жіберілді. Жергілікті комитеттің үй алу кезегінде 7 адам тұр.

1979 жылы директордың оқу-тәрбие жұмыстарының орынбасары болып Шишкова Любовь Ильинична тағайындалды. Училищенің директоры М.С.Рахимбековпен бірге ол, оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға байланысты, бірлескен, бір ойлы ұжым құра алды. Директордың орынбасары қызметін атқару кезінде ол озат тәжірибе мен жұмысты ұйымдастырудың ғылыми әдістерін енгізді. Бар күші мен қуатын оқытушылар мен оқушылардың творчестволық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдайлар туғыза білді. Оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру және білікті медициналық қызметкерлерді дайындау барысында ол Қазақ ССР денсаулық сақтау Министрлігінің «Денсаулық сақтау үздігі» Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шишкова Л.И. ұжымда үлкен беделге жетті. Адамдардың бойындағы кәсібилік, өз ісіне творчестволық көзқараспен қарау, жауапкершілік қасиеттерін құрметтеді. Шишкова Любовь Ильинична өз әріптестері – тәжірибе ісінің меңгерушісі Богер Андрей Андреевичпен, бөлім меңгерушілері - Тишаева Валентина Ивановнамен, Катунина Любовь Федоровнамен, Рогозова Валентина Григорьевной, Таймасовой Сагирой Мукашевной, Маховой Тамарой Михайловнамен, Ткач Альбина Николаевнамен, Литвинова Наталья Александровнамен, Тихонова Галина Петровнамен, Хернов Геннадий Андреевичпен, Жунусова Лариса Мадиевнамен, әдіскерлер - Асакаева Айым Каппаровнамен, Риттер Лидия Григорьевнамен; ЦӘК төрағалары Надырова Руфина Хафизовнамен, Царук Тамара Иосифовнамен, Черняк Софья Семеновнамен, Балтина Клара Балтиевнамен, оқытушылар - Сидоренко Нелли Цараевнамен, Макеева Людмила Александровнамен, Исагулова Алла Бергеновнамен, Берко Евгенией Иосифовнамен, Лепихин Владимир Павловичпен, Замниус Ляля Фадеевнамен, Серых Валентина Трофимовнамен, Атагулова Бану Сагындыковнамен, Фрейнд Владимир Александровичпен, Литвиненко Нина Николаевнамен, Капитонова Антонина Григорьевнамен, Коновалова Любовь Валерьяновнамен, Калибекова Алия Кабдысаматовнамен, Байбесенова Роза Балапановнамен, Утельбаева Мадина Пернибековнамен, Кузнецова Нина Ивановнамен, Голопятова Ольга Константиновнамен, Белозерова Зоя Павловнамен, Байжанова Окен Азентаевнамен, Мудрова Нелли Гемиловнамен, Ратт(Колесник) Ольга Аскаровнамен, Язева Татьяна Васильевнамен және т.б. бірігіп, жаңа ұрпақтың оқу жоспарларын жүзеге асыра білді.

 

 

 

Пактика меңгерушісі  Богер А.А.

1980 ж.

Училищеге оқуға келемдеушілерге дайындық курстары ашылды. Қазан айында педагогикалық кеңесте медбике бөлімінің II-В тобының оқушысы Ф.Юнусоваға Дениндік шәкіртақы төлеу сұрағы талқыланды. Сараптама ретінде оқу-өндірістік тәжірибесі аяқталғаннан кейін сырқаттың төсегінің қасында оларды күту жұмыстары бойынша сынақ қабылданды.

Училищеде 8 циклдық әдістемелік комиссия жұмыс жасады: қоғамдық пәндердің, терапевтік, хирургиялық, жалпыбілімдік, жалпымедициналық, акушер-гинекологиялық, педиатрлық және сан-гигиеналық пәндердің.

Біріккен ғылыми-теориялық және тәжірибелік конференциялар Қостанай қаласында «Таңдау мамандығына деген сүйіспеншілікті арттыру» тақыры бойынша класс жетекшілерінің тәжірибесі қорытындылау, Теміртау қаласында «Оқу процесін ықшамдауда көрнекілік және техникалық құралдарды пайдалану» тақырыбында, 3 әдістемелік талдамалар республикалық әдістемелік кабинетіне жіберілді: оқытушы Т.И.Царук «Жұқпалы аурулардың кесетлік бейнеленуі», оқытушы Хернов Г.А. «Кәсіптік жұқпалы аурулар», Белозерова З.П. «Өткізілген залалсыздандыру сапасын бақылау» тақырыптарымен өткізілді.

Оқу жылы барысында тексеріс комиссиясымен В.И.Лениннің туған күні - 22 сәуір күніне қарсы 2 рет кабинеттердің тексерісі өтті және медициналық қызметкерлер Күніне циклдық әдістемелік комиссиялардың жұмыстары тексерілді. Училищеде 2 оқытушыларға арналған теориялық семинар және орта және техникалық қызметкерлер үшін бастауыш саяси мектебі жұмыс істеді. Онда әлемдік аренадағы идеологиялық күрес В.И.Лениннің өмірі мен тіршілігі сұрақтары қарастырылды.

Қоғамдық пәндер кабинеттерді бір жаққа ауыстырылды. Сабақтарғам арналған техникалық құралдар алынды: диапроекторлар, кодоскоптар, киноаппараттар «Школьник», «Украина».

Училищеде интернационалдық достық Клубы қызмет атқарды. Клубтың мүшелері жатақханада Поляк халық республикасыннан алынған жазбаларды пайдалану арқылы «Поляк халық республикасының музыкасы» атты кешін өткізді.

Оқушылар атынан АҚШ президенті Д.Картерге қару-жарақты жоюға қарсы открытка жіберілді.
В.И.Лениннің 110-жылдығына қарсы оқушыларды идеологиялық тәрбиелеу орталығы болып табылатын Ленин бөлмесі ашылды. Училищенің партия жиналысында В.И.Лениннің 110-жылдығына арналған шаралардың жоспары жасалды. «В.И.Ленин Октябрь революциясының көсемі», «Қазақ ССР жетістіктері – лениншіл ұлттық саясаттың шыңы» тақырыптары бойынша ай сайын дәрістер өткізілді, ходың орындауындағы «В.И.Ленин туралы ән» калалаық көркем өнерпаз байқауына өтті. Топтарда айына 2 рет Л.И.Брежневтің «Кіші жер», «Қайта өрлеу», «Астық» шығармалары бойынша саяси сабақтар өткізілді. Училище оқушылары өздеріне бекітілген мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. № 78 орта мектепте «Жас санитар», №83 мектепте «Жас медик» үйірмелерін ұйымдастырды. Оқушылар қамқорлыққа алған мектептерде дәрістер оқыды, оқышыларды алғашқы көмек көрсету машықтарына жаттықтырды, мектеп оқушыларынан санитарлық постарды ұйымдастырды. Жазда біздің училище оқушылары мектепке қарасты лагерлер мен аула клубтарында жұмыс жасады. Біздің училище оқушылары училище бойынша кезекшіліктерді ұйымдастырып, кезекшілік күнделіктерін рәсімдеп, ресми жағдайда салтанатты линейкаға тапсырып отырды.

Емдеу мекмелерінде өндірістік тәжірибе кезінде оқушылар қоғамдық-саяси тәжірибенің жеке тапсырмаларын орындады, оның қорытындылары Лениншіл сынақта беріліп отырды. Қоғамдық-саяси аттестация комсомол жиналыстарында өткізіліп отырды.

Училищеде қоғамдық мамандықтар факультеті ұйымдастырылған. Қоғамдық пәндер кабинеті қоғамдық-саяси тәжірибелерді ұйымдастыру орталығы болып табылды. Училищеде «Тәртіп бұзушылықтың алдын алу Кеңесі» ұйымдастырылп, қызметін атқаруда.

Училищеде оқу, әдістемелік және саяси-тәрбие жұмыстарын реттейтін қоғамдық-әдістемлік комиссия құрылған.

Училище ұжымы социалистік міндеммелерді қабылдаған.

Үйірме мүшелері Қарағанды облыстында откен химия олимпиадасына қатысып 3-ші орынды жеңіп алды. Химия пәнінің оқытушылары химия үйірмесінің мүшілері ҚарМУ студенттерімен бірігіп, училищеде химия апталығын ұйымдастырды. Мамыр айында пән үйірмелерінің қорытыныды конференциясы өткізілді. Конференцияның жеңімпаздары Балқаш қаласында өткен қорытынды конференцияға қатысты. Жалпымедициналық «Медицина кадрлары үшін» атты газеті шығарылады. Құқықтық тәрбие мақсатында училищеде оқытушылар және оқушылар арасында «Біз және заң » факультативтік сабақтары өткізіледі. Еңбек машықтарын оқушылар № Қалалық клиникалық ауруханың 6-11 бөлімдерінің сырқаттарына, мектепке дейінгі балалар үйіне санитарлық көмек көрсету арқылы алады.

Оқушылар өздері қамқорлыққа алған совхоздарда ауылшарушылық жұмыстарына қатысады. Еңбек семетріне қатысқан оқушылар 1-ші орын үшін ауыспалы Қызыл туымен марапатталды. Совет аудандық комитетімен ұйымдастырылған әскери бағытта өткізілген эстафетада 3-ші орынды жеңіп алды.
Жатақханада әскери – техникалық білім бойынша бұрыш ұйымдастырылған.

№ 13710 әскери бөллімінің шақыруы бойынша комсомолдың 30-жылдығымен аталатын паркте спорттың әскери-қолөнері түрлерін жарыстар өткізілді.

Училище командалары түрлі училищеден тыс шараларға қатысады. Мысалы, XXII облыстық партия конференциясына арналған лыжи кроссында қыздар командасы 1-ші орынды жеңіп алды.

1981 ж.

Училищеде әскери-патриоттық тәрбие бойынша Кеңес құрылған. Кеңес мүшелері «Советтік патриот» радиогазетін шығарады, әскери парақтар дайындайды.

СӨКП XXVI съезі Совет Армиясы мен Әскери-теңіз флотының Күніне взвод арасындағы социалистік жарыс ұйымдастырылды.

Атқыштар үйірмесінің мүшелері қатысқан аудандық жарыста 2-ші орынды жеңіп алды, ал әскери эстафетада училище командасы 3-ші орынды жеңіп алды. «Тұрмыс эстетикасы» тақырыбы бойынша апталық өткізілді. «Сары Арқа» қалалық тұрыс комбинатының модельері мен косметолог дәрігер-технологпен кезедесу өткізілді. Қоғамдық-саяси тәжірибе бойынша Кеңес құрылды. Оқушылар қоғамдық-саяси тәжірибе кезекшіліктеріне белсенді түрде қатысады. 1981 жылы оқушылар облыстың жастар ойынының ашылу апарадына қатысты.

1982 ж.

1982 жылдан бастап ҚИУ-нің директоры болып Коккозов Мереке Коккозович тағайындалды. М.К.Көккөзовтың медицина училищесінің директоры болып тағайындалған уақыт елімізде қайта құрылу, Қазақстаннның егемендік ала бастауымен қатар келді. Ол жоғары кәсіби құзыреттілікті бағдарлау ісі - орта медициналық білім беру мекемесінің басты міндеті деп санады: оқытудың барысында дәрістік-семралық әдістерді қолдану, ұқсас ойындарды ойнату, түрлі өзіндік жұмыстар жүргізу, жарыстар өткізу. Оның ұйымдастырушылық қабілеттері мемелекеттік тілді үйрену кезеңіне және «Медбике ісі» мамандығының оқу жоспарларына бейінді пәндерді еңгізумен анық көріне бастады.

Аймақытық медициналық училищелердің базалық мекемесі ретінде, ҚМУ –нің нәтижелі жұмысы, оқу-әдістемелік, тәрбиелік жұмыстардың жетілуіне себін тигізді. Факультатив сабақтарының есебінен барлық топтарда жоғары және орта білім беру Министрлігінің ережелік хатына сәйкес, ОК СОКП-ның мамары және қараша материалдарын оқу істері жүзеге асырылды.

Біздің оқытушылар кеңінен грамзапистерді, киноларды, диафильмдерді пайдалана алды.

Училищеде үнемі «Атеист бұрышы» шығарылып, атеизм жұмыстары бойынша Кеңес жұмыс атқарды.
Училищенің идеялық-тәрбие жұмыстарын класс жетекшілер Кеңесі реттейді. Училищеде «Комсомол жарығы» газеті апта сайын шығарылып тұрды. Қазан айынан бастап көркемөнерпаздар үйірмесі жұмысын атқарды: хор, вокал, вокалды-құралды және би үйірмесі.

 

Коккозов Мереке Коккозович КМК директоры