Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Шыңға 80 қадам. 3 бөлім

05 қараша 2015

1983 ж.

Ақпан айында үдік және жақсы оқитын оқушылардың Слеты өткізілді. Слетке училищені үздік бағамен аяқтаған студенттер мен «Искорка» балабақшасының балалары шақырылды. Ақпан айында «Не?Қайда?Қашан?» эрудиттер конкурсы өткізілді. Біздің оқушылар Лениннің туған күніне арналған жалпықалалық оқырмандар конкурсына қатысып, 2-ші орынды жеңіп алды. Маусым айында Қарағанды кеншілер сарайында түлектердің салтанатты жиыны өтті. Мұнда топтардың белсенді мүшелеріне қоғамдық мамандықтары бойынша төлқұжаттар тапсырылды. Айына 1 рет кәсіподақ активінің Мектебі өткізіліп тұрды.

Жатақханада студенттер Кеңесі қызмет атқарды. Айна екі рет «Кірпі» сатиралық газеті шығарылып тұрды. Белсенді комсомол дружинасының мүшелері Совет ауданының № 7 бөлімшесінде жұмыс атқарды. Дружинниктар тәрбиесі қиын балалармен жұмыс жасады. Санаторлық-курорттық емдеулерге 5 адам жолдама алды, 1 жолдама тегін берілді. Демалыс үйлеріне 10 жолдама берілді, оның 2 тегін. «Дәрігер» профилакторийнда 30 оқушы өздерінің денсаулықтарын түзетті.

1984 ж.

1984 жылы «Стоматологиялық бөлімдердің медбикелерін дайындау» тобы ашылды. Наурыз айында Қарағанды және Теміртау медицина училищелерінің оқушылары арасында «Мамандық үздігі» атты конкурс ұйымдастырылды. Өзінің педагогикалық және кәсіптік шеберліктерін арттыру мақсатында көптеген оқытушылар басқа қалалардағы БАФ-нің курстарына қатысты, олар: Болоткина С.Н. – нерв жүйелері пәндерінің оқытушысы, Ташкент қаласында; Царук Т.И. – эпидемиология пәнінің оқытушысы, Қазақ қаласында; Таймасова С.М.- балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәнінің оқытушысы, Алматы қаласында; Надырова Н.Х. – философия негіздерін оқытушы, Полынько Б.Н. – денешынықтыру оқытушысы; Шнайдер Г.А. – фармацевтік істі ұйымдастыру пәнінің оқытушысы, Курск қаласында.

Училищеде коммунистер Кеңесі жұмыс жасайды. ҚММИ әлеуметтік гигиена кафедрасының меңгерушісі, доцент Воловской С.Д. үздік тәжірибе Мектебінің отырысында «Мимен ойлау гигиенасы» баяндамасымен 1-курс оқушыларына арасындағы апталыққа қатысты.


«Балалардың аурулары» үйірмесінің мүшелері ҚММИ педиатрия кафедрасы ассистенті Р.И.Кистаубаеваның басқаруымен «Балалардың целиакиясы» тақырыбы бойынша жұмыс атқарады.
Ішкі аурулар кабинеті меңгерушісі В.И.Тишаеваның басшылығымен оқушылар НКМЗ жұмысшыларының тексерісін жүргізді. Химия үйірмесінің мүшелері ҚарМУ химия факультетінің студенттерімен бірігіп Д.И.Менделеевтің 150-жылдығына арналған пән апталығын өткізді. «Алло, біз дарындыларды іздейміз» конкурсы өткізілді. Желтоқсан айында оқушылар ВЛКСМ – ның XXX-жылдығы атындағы паркте ертегілер қалашығын жасауға көмектесті. Училищеде әскери кабинет бар, оның 2 бөлмесі БАД сабақтарын өткізуге бөлінген. Жатқханада противогаздарды сақтайтын бөлме бар. Бүкілодақтық жүгірушілер Күніне 400 адам қатыстып, 2-ші орынды жеңіп алды. Бүкілодақтық шаңғышылар Күнінен 1000 оқушы қатысып, 1-лоынды жеңіп алды. 1983-1984 оқу жылы 116 үшінші разрядты спортшылар дайын болды, жасөспірімдер разрядына – 664 адам, ССРО ГТО белгісіне -318 адам.


1985 ж.
Нерв және психикалық жүйе ауруларының үйірме мүшелері неврологиядан КТК «Не? Қайда? Қашан?» ойынын өткізді. «Жалпы коммуналды гигиена мен тамақтану гигиенасы» үйірмесінің мүшелері қызықты материалдар жинап, «Медицина училищесінің және санитарлық-гигиена бөлімінің ұйымдастырылу тарихы» тақырыбы бойынша 3 альбом дайындады. Бұл жұмыс училищенің үйірме конференциясында жоғары бағаға ие болып, соңынан Теміртау қаласында өткен қорытынды үйірмелік отырыста 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Дәрігер» атты жалпыучилищелік газет областы орта оқу орындары арасында 2-ші орынға ие болды.

Оқушылар «Бейбітшілік әндері» аудандық комсомол жарысына қатысты. Училищенің барлық топтары «Ұлы Отан соғысының іздері» Бүкілодақтық іздеу экспедициясына және «Ана даңқы» атты Бүкілодақтық батырлық-патриоттық акциясына қатысты.

Училищенің педагогикалық отряды Балалар үйі мен психикалық дамуы төмен балалар интернатын қамқорлыққа алған.

Ақпан айында барлық топтар «Балалар үйіне - мейірімі толы кітаптар» операциясына, сәуір айында «Интенаттарға – комсомолдық қамқорлық» операциясына қатысты. Наурыз айында оқушылар Жеңістің 40-жылдығына арналған «Достық тамыры» Бүкілодақтық жиынға қатысты.

20 сәуір және 4 мамыр күндері барлық топтар Жеңістің 40-жылдығына арналған коммунистік сенбілікке шықты. Жаңа келген оқушылар санынан 70 адамнан тұратын ОКОД құрылды. Командирі мен комиссары үнемі обкомға қарасты комсомол, аудандық және қалалық штабтарына барып тұрады, 10-20 мамыр аралығына тәртіп бұзушылық жұмыстары бойынша «Назар аудару» операциясына қатысты.

Училищенің шашка мен шахматтан құрылған командасы орта оқу орындары арасында өткен жарыста 3-ші орынды жеңіп алды, ГТО қысқы ойындарында 2-ші орынды, Совет ауданының баскетболдан ұйысдатырған жарысында 1-ші орынды, баскетболдан орта оқу орындары арасында 1-орын, Бүкілодақтық жүгіру Күнінде 1-орын, Совет Одағының батыыры Мәншүк Маметованың сыйлығына әскери-спорттық эстафетада 1 орын жеңіп алды. Оқушылар Кузнецова Т., Михайловская И. облыс чемпиондары атанды.

1986 ж.

Училищеде әдебиет пәнінің оқытушысы Б.С.Атагулованың басшылығымен әдебиет үйірмесі жұмыс жасайды. Литва драма және кино театрының актеры Р.Романоускаспен, көркем сөз өнерінің еңбегі сіңген әртісі Ю.Шейкомен кездесулер өткізілді.

Кадрлар бөлімінің бастығы Натхина Людмила Иосифовнамен еңбек заңдылықтарына сәйкес кадралардың біліктілігін, жеке және іскерлік сапаларын ескере отырып, жұмысқа қабылдау істері жүзеге асырылды.

 

1987 ж.

Қарағанды қаласының Совет, Октябрь, Киров, Ленин аудандарының мектеп пионер лагерлері мен аула клубтарында коммунистік тәрбиені әрі қарай жүзеге асыру мақсатында құрамында 30 адамы бар педагогикалық отряд құрылған. Училищеде онкодиспансер, кардиологияда санитарлық тәжірибе өту мақсатында құрамында 54 адамы бар медициналық отряд құрылған. Жоспарына заманауи денсаулық сақтау, кездейсоқ жағдайларда жедел көмек көрсету, массаж техникасы сұрақтары бойынша «Жас дәрігер» клубы құрылған.

24 қазанда училищеде киноәртісі Пократов-Черныймен творчестволық кездесу өткізілді.
45 оқу жазғы еңбек демалысы кезінде Оқытушы Н.Х.Омарованың басқарумен Астрахан облысының ауылшаруашылық жұмыстарында жұмыс атқарды.

Оқушыларға 10 санаторлық-курорттық жолдама және демалыс үйіне 1 жолдама берілді. Үздік оқушыларға «Пярну», «Аохыз» маршруты бойынша жолдамалар табысталды. 30 оқушы өз денсаулықтарын ҚММИ-не қарасты «Юность» профилакторийінде жақсартты.

1988 ж.

20-22 сәуір аралығында № 2 ОӨК оқушыларына  «Ашық күндер апталығы» ұйымдастырылды. Училищеге 55 мектеп оқушылары келді, олармен  медбике жұмысы туралы әңгімелер өткізілді, училищені ішіне саяхат жасалды, соңынан «Гипноз», «Жарақаттар», «Түс және түскөру» кинофильмдері көрсетілді.

«Ашық есік апталығы»,  дайындық курстарына  тыңдаушыларды  жинау жұмыстарының мерзімі  «Орталық Қазақстан» және  «Индустриальная Караганда» газеттері арқылы хабарланып тұрды.

Училище түлектеріне  медициналық қызметкердің міндеттері мен  құқықтары ,  облыс медбикелерінің   еңбек  заңын  бұзушылықтары  сұрақтары бойынша  облыстық денсаулық сақтау бөлімінің  заңгері Г.Н.Мустафинамен  кездесу өткізілді.

13 оқытушы өз біліктіліктерін Ташкент, Красноярск қалаларында  арттырды. Мамыр айында  ынтымақтастық жәрмеңкесі өткізіліп, одан түскен 174 рубль  жауыңгер-интернационалитер қоры аударылды. Балалар саласы медбике бөлімінің III курс  оқушылары  В.И.Ленин  балалар үйінің қорына  130 рубль аударды.  Училищеде «Қайырымдылық»  қамқорлық отряды құрылған.  Кәсіподақ ұйымымен «Заманауи билер» үйірмесі ұйымдастырылды. Оқушылар жазда агроконвейер құрамында «Ленинский» совхозына, ал қыркүйек айында  қамқорлыққа алған «Ильич жолы» совхозына барды.

Оқушылардың кәсіподақ ұйымымен  келесі  маршруттар бойынша  санаторлық-курорттық емделулерге жолдамалар берілді: Железноводск, Есентуки, Боржоми, Манкент, Кисловодск,  Цхалтубо; демалыс үйлеріне – Каргалинка, Кокшетау, Туапсе; саяхаттық – Вильнюс-Паневежис, Алтайская бухта.

 

1989 ж.

1989 жылдан бастап «Медбике ісі» мамандығында  студенттердің оқуы мемлекеттік тілде жүргізіле бастады. Бөлім меңгерушісі Кашкеева Валентина Аймагамбетовна,  тәжірибе меңгерушісі Мулюкова Татьяна  Саметовна, оқытушылар  Балтина Клара Балтиевна,  Байболина Айман Толеуовна, Баймагамбетова  Куляим Макуловна, Байбисенова Роза Балапановна, Касымов Кадыр Касымович,Утельбаева Мадина Пернибековна, Исагулова Алла Бергеновна, Мухамеджанова Нурзия Досжановна бүгінгі күнде мемлекеттік тілде  жоғары білікті  бәсекелестікке сай 5 мамандық бойынша  мамандарды дайындауға  болатын, мемлекеттік тілде  оқу-әдістемелік базасын құрған.  Жатақхананығ тұрмыстық бөлмесінде «Жас үй иесі» клубы жұмыс жасай бастады.

1990 ж.

Директордың оқу-өндірістік істері бойынша орынбасары болып Беля Лариса Фрацевна тағайындалды. Оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудегі жетістіктері және білікті орта медициналық қызметкерлерді дайындау істері бойынша «ҚР денсаулық сақтау үздігі» белігісмен марапатталды. Оның өмірлік ұстанымы – барлық жұмыста алда болу, белсенділік таныту. Онымен бірге қызмет атқарғандар: Рахимбекова Вероника Балабековна, Кемельбаева Турсынай Сагинаевна,Идрисова Гульден Камиевна, оқытушылар Мухамеджанова Нурзия Досжановна, Величкина Надежда Михайловна, Пак Николай Федорович, Сайфуллина Шекира Шариповна, Изотова Раушан Шаймуратовна, Омарова Мансия Айташевна, Вареха Елена Яковлевна, Толегенов Кажымухан Толегенович, Дреева Наталья Ивановна, Кочетова Раиса Павловна және т.б.

Училищенің студенттік ұжымының өзін-өзі басқару Жарғысы жасалып, қабылданды. Қазан айында белсенділер орта білім беру мекемелерінің арасында өткен V облыстық студенттер активіне, есептеу-кредиттік техникумының КТК-на, мәдени-насихаттау училищесінің оқушыларымен бірге «Невада-Семей» қозғалысына арналған күнге қатысты. Оқушылардың қолөнерін дамыту мақсатында тоқыма үйірмесі жұмыс жасады. Орта білім беру оқу мекемелері арасында үстел теннисінен жарыстар өткізілді.

1991 ж.

1991 жылы оқушылар контингенті 1320 адамды құрады, оның ішінде медбике ісі, емдеу ісі, акушер ісі, фармация, гигиена, санитария, эпидемиология мамандықтарында оқыған қазақтар саны – 567 адам.
Училищенің техникалық құралдармен жабдықталуы: кинопроектор (Украина, Русь, Луч, Радуга), диапроектор Свитязь, графопроектор, проигрывателдер, магнитофондар, эпипроектолар, диаскоптар, радиола, фильмоскоптар, микрокалькуляторълар, дыбыстық қолдаулармен слайдтар, толықметражды фильмдер.

«Хронофармакология» жұмысы ҚарМИ-нда өткен қорытынды студенттер конференциясына қатысты.
Орта білім беру мекемелері арасында КТК-н өткізу дәстүрге айналды. Наурыз айында КТК біздің училище мен есептеу-кредиттік техникумы арасында, ал сәуір айында - біздің училище мен тау-кен техникумының арасында өткізілді.

Қайырымдылық акциясын өткізуге қатысқан – Балалар үйіне қамқорлық көмек көрсеткен жетім-оқушылар Б. Игисинова мен А.Касеноваларға облыстық «Қайырымдылық» қоры екі шәкіртақы бөлді. Наурыз айында училищеде Қарағандылық суретшілердің жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Оқушы-жігіттермен Қарқараланың саяхат базасында оқу-алаңдық жиындары өткізілді.

1992 ж.

Күндізгі бөлімнің  оқушылар контингенті – 1236 адам, кешкі бөлімде 107 адамды құрады.  Хирургия пәнінің оқытушысы Кочетова Р.П.  ситуациялық есептер  жинағын құрастырды.

Училищеде сәуір айында  аймақтық 13 қорытынды конференция өткізілді.  Үздік жұмыстар  ҚММИ  студенттер ғылыми  конференциясына ұсынылды.  Үздік тәжірибе мектебінде  жұмыстарымен бөліскен оқытушылар: ҚММИ  жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі  Рейтман Е.И.  «Анемия» баяндамасымен, ҚММИ  жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті Бегайдарова Р.З. «Балалрдың  саомонеллез ауруларын  жаңаша емдеу» баяндамасымен.

Училище ағылшын, неміс, француз  тілдерін оқитын  ҚММИ  студенттері өткізген  жаңажылдық  шырша мерекесіне  қатысты.  Мәдени-массалық шаралар ішінде атап өтуге болады: КТК,  ырғақтық гимнастика  конкурсы, «Ғажайыа алаңы», «Тағдыр дөңгелегі» және т.б.

1993 ж.

1993 жылдан бастап «Емдеу ісі» мамандығы бойынша дайындық қазақ тілінде жүзеге асырыла бастады.

1994 ж.

Оқу жылы басында «Медбике ісі» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнің оқушылар саны – 630 адам, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша -137 адам, «Гигиена» «Санитария»мамандықтары бойынша – 69 адам, «Акушер ісі» мамандығы бойынша – 156 адам. Қорытындылай келе контингент саны -992 адам, оның ішінде Монголиядан – 6 адам. Жалпы оқушылар санынан: орыстар 43 адам, қазақстар -380 адам, оның ішінде қазақ мектебін бітіргендер саны -190 адам. 153 адам «Емдеу ісі», «Медбике ісі» бөлімдерінде қазақ тілінде білім алды. «Медбике ісі» кешкі бөлімінде 90 бала оқыды.

Штаттағы оқытушылар саны – 88 адам, бірнеше жерде қатар қызмет атқаратындар саны – 18.

1995 ж.

Оқу жылының басында оқушылар контингенті – 989 адам. Қазақ тілінде оқығандар саны - 174 адам. Биылғы жылы кешкі бөлімге қабылдау тоқтатылды. Бөлім жабылды.

8 пән үйірмелері жұмыс жасады. «Этика және эстетика» пәндері барлық мамандықтар бойынша факультатив негізінде жұргізілді.

Тәжірибелердің барлық түрлері бойынша клиникалық база ретінде 30-дан астам қала мен облыстың емдеу-алдын алу мекемелері пайдаланылды.

2 оқытушы Алматы қаласында біліктіліктерін арттыру курсынан өтті.

Озат тәжірибені зерделеу, қорытындылау және тарату мақсатында наурыз айында Балқаш медициналық училищесінің базасында «Оқытушының педагогикалық және әдістемелік шеберлігін арттырудағы ЦӘК рөлі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. «Қостілділікті оқу процесіне енгізу проблемалары» атты аймақтық әдістемелік Кеңесте сабақтары қазақ тілінде жүретін бөлімдердің сұрақтары талқыланды. Оқытушылардың жұмысында қазақ тілінде оқу-әдістемлік құралдардың жетіспеушілігіне байланысты қиындықтар ортаға салынды. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру мәселелері бойынша «Теориялық және тәжірибелік пән сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмысын басқару ЦӘК клиникалық пәндер тәжірибесінен» атты аймақтық әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік көмек көрсету мақсатында базалық әдістемелік кабинеті «Аймақтық клиникалық циклдармен бірлескен жұмыс ұйымдастыру және жоспарлау» бойынша әдістемелік нұсқаулықтар құрастырды, сабақтардың әдістемелік талдаулары жіберді, қазақ тілінде оқитын оқушыларға әдістемелік нұсқаулар мен қазақ тіліндегі дәрістер жинағын құрастырды.

Адамгершілік-этикалық мәселелер бойынша Гоголь атындағы облыстық кітапханамен бірлескен жұмыс жүргізілуде. «Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс жүруде.

1996 ж.

1996 жылдың 14 шілдесінде медициналық училище Қарағаныд медицина колледжіне ауыстырылады. Оқу жылының басында 836 адам оқыды.

Мамыр айында озат тәжірибені зерделеу, қорытындылау және тарату мақсатында Теміртау медициналық училищесінің базасында «Қарағанды орта медициналық оқу мекемелерінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері» ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

«Оқушылардың тәжірибелік оқуын жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша аймақтық әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік көмек көрсету мақсатында Базалық әдістемелік бірлестік әдістемелік нұсқаулықтар жасады.

1997 ж.

Осы жылы колледжде аттестаттау жұмысы жүргізілді.

Колледж қабырғасында оқытушылар мен студенттерге арналған «Достық» америкалық медицина қызметінің корпорациясы қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

1998 ж.

Оқу жылының басына күндізгі бөлімде: 413 адам, оның ішінде қазақ тілінде оқығандар – 137. Колледжде 55 оқытушы жұмыс атқарады, оның ішінде 36 қазақ тілін меңгерген. Оқу процесіне «ЛЕМОН» бағдарламасы бойынша оқу материалдары үйретіліп, енгізіледі.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқарамасы бойынша, облыс пен қаланың 28 ЕАМ колледж студенттері мен қайта даярлау бөлімшелерінің тыңдаушыларын тәжірибелердің барлық түрін өту үшін тіркеу жөнінде № 416 02.09.1998 ж. бұйрық берілді.

1999 ж.

Биылғы оқу жылы колледж атауы өзгертіліп «Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасының Қарағанды облысы әкімшілігінің Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын Қарағанды қаласының медицина колледжі». Оқу жоспарына алғашқы рет «Жол апаттардың медицинасы», «Әлемутеттік топтарға күтім», «Валеология», « Тұлғаның психосоматикалық жағдайы». 1999 жылдан бастап колледжде орта медициналық қызметкерлерге дипломанан кейінгі білім беру (орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру) жұмыстары жүзеге асырылуда.

Тыңдаушылардың саны – 1147 адам. Біздің облыстың аудандарына шығатын циклдар біліктілікті арттыру бөлімі тыңдаушыларының арасында үлкен сұранысқа ие.

Оқушыларға медициналық қызмет көрстеу істері № 1 кеңестік-диагностикалық емханамен жүзеге асырылады.

2000 ж.

Колледждің «Жабдықтау жобалы табеліне» сәйкес оқу кабинеттері мен зертханалардың жабдықталуы әр мамандық бойынша 80% құрайды. Компьютерлік класс «Пентиум-2» және «Пентиум-3» 10 компьютерімен жабдықталған. Интернетке қосылмаған. Лингафондық кабинет жоқ. Спорттық база спортзалға лайықталған үй-жайында орналасқан. Шешінетін жері бар, 40 шыңғылық шаңғы базасы бар.

Оқу-тәрбие жұмыстары барысынада СӨС облыстық Орталықпен, СПИД Орталығымен, терілік-венерологиялық диспансермен, Қызық айшық сауықтыру Орталығымен және Қызыл Крестпен бірлескен салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы жүзеге асырылады.

Орта оқу мекемелері арасында үстел теннисінен жарыстар өткізу дәстүрге айналды.

Биылғы жылы 1-орынға ие болған жігіттер, 2-орынға ие болған қыздар барынша танымал болды. Колледждер арасындағы облыстық спартакиадада жалпыкомандалық сынақта қыздар – 1-орынға, ал жігіттер – 3-орынға ие болды. Біздің жеңілатлеттер «Индустриальная Караганда» газетінің сыйлығына өткізілген жеңіл атлетика эстафетасында 2-орынға ие болды. Биылғы оқу жылы 52 разрядниктер мен 20 спорттың нұсқаушылары мен судьялары дайындалды.

2001 г.

Қарағанды облысының  денсаулық сақтау басқармасының бастығы  Ермекбаев К.К. жаңа директорды  таныстырды.  Ол медицина ғылымдарының кандидаты Нурбеков Аманжол Нурбекович. Медбике ісі бойынша  оқыту реформасына және медбике ісін  ұйымдастырудың халықаралық  тәжірибесіне байланысты  оқыту процесіне  «Медбикелік процесс»  енгізілді.

 

А.Н.Нурбеков, Қарағанды қаласының медицина колледжінің директоры Н.Х. Омарова, Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы

2002 ж.

2002 жылдан бастап «Акушер ісі» мамандығы бойынша дайындық қазақ тілінде жүргізіле бастады. Осы жылдан бастап бірінші рет «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша дайындық жүзеге асырыла бастады.

М.А.Омарова және А.Н.Нурбекрвпен бірігіп жазылған «Тері және венерологиялық аурулар» оқулығы, конкурстан өтіп, басылымға берілді.

2003 ж.

2003 жылдан бастап жыл сайын колледжде бұрыңғы межучилищенің директоры М.С.Рахимбековты еске алу ғылыми-тәжірибелік конференциялары өткізіледі және жақсы үлгерімдері мен қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері үшін М.С.Рахимбековтың мен Қарағанды облысының медициналық қызметкерлерінің Облыстық кәсіподақ комитетінің шәкіртақылары тағайындалады.

Желтоқсан айында туберкулезбен күрес және оның алдын алу айлықтың соңғы күні, колледжде агитбригада конкурсының «Жастарға таза ауа мен таза өкпе» тақырыбы бойынша қорытынды кезең өткізілді. Конкурсқа медициналық, гуманитарлық, политехникалық және стоматологиялық колледждердің оқушылары қатысты. Шақырылғандардың арасында - мемлекеттік салалардың, облыстық және қалалық емдеу-алдын алу мекемелерінің жетекшілері болды. Медицина колледжінің оқушылары екінші орынға ие болды. Оқытушы Баймагамбетова К.М. ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің ұйыдастырған «Жылдың дәрігер-оқытушысы» республикалық сайысында жеңімпаз атанды.

Гистология, қалыпты физиология, бейорганикалық және органикалық химия, медициналық биология кабинеті ашылды.

МББС-2003 ж. сәйкес колледжде баиғи-ғылыми пәндердің ЦӘК-ы құрылды. «Гигиена және эпидемиология», «Зертханалық диагностика», «Фармация» арнаулы пәндерінің ЦӘК жеке салалық бөлімше болып бөлінді. Жаңадан құрылған кабинеттер мен зертханалар қызмет жасай бастады.

Колледжде театр күнінде облыстық қазақ және орыс драма театрларының жас әртістерімен кезедесулер өткізілді.

«Незабудка» балалар үйіне және Хосписке қамқорлық істері көрсетіліп тұрады.

Республикалық денсаулық сақтау Күнінің бағдарламасы бойынша «СӨС» сағаты өткізілді.

2004 ж.

Колледж  Қарағанды облысының әкімшіліге қарасты  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын  болып аталады.  Бірнеше жыл бойы  колледж студенттері  Республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференцияларда  жүлделі орындарға ие болды.

2004 жылы Алматы қаласында өткен ҚР медициналық колледждері студентерінің  «ХХІ  ғасырдың медбикесі»  атты IV республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференциясында  «Анемия және  Қарағанды медицина колледжі  студенттерінің арсында оның алдын алу» тақырыбы бойынша «Поиск»  үйірмесінің мүшесі  А.Нуртақанов (жетекшісі Баймағамбетова К.М.) 1-орынды жеңіп алды.  Жетекші А.Т.Байболинаның  «Хоспис – бұл өмірдің соңы»  жұмысымен  облыстық ғылыми-тәжірибелік   конференцияда жүлдегелі орынға ие болды. Колледж «Здоровые университеты» Республикалық акциясына қатысты. «Медбикелік процесс»   экспериментті түрде  неврологиялық бөлімнің № 1 клиникалық базасында және хосписте енгізіле бастады.

«Үздік тәжірибе Мектебінің» отырысына шақырылғандар: Алматова К.А.,  Қарағанды облысының  этнопедагогика және этнопсихология  мәселелерін реттеуші, ғылыми қызметкер және  Досмагамбетов С.К., Қарағнды облысының  жоғары білім беру мекемесінің ұйымдастырушысы-оқытушысы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы,  Мун А.Н., базалық Қарағанды гуманитарлық колледжінің   психология пәнінің оқытушысы.

Конкурсқа 3  оқытушы қатысты -  оқу құралдарының авторлары: «Медбике ісінің практикумы» Баймағамбетова К.М., қазақ тіліндегі «Хирургия  пәнінен тестік  тапсырмалардың жиыны»  Турумбетова Т.Б., қазақ тіліндегі «Медбике ісінің таңдаулы сұрақтары» Байболина А.Т.

Биылғы оқу жылы  биохимия  кабинеті жабдықталған. ЖМ «Ердос» стоматологиялық клиникасының  тісдәрігерлік зертханасын  толық кешенді пайдалану шарт жасалған.

Колледждегі жалпы компьютерлер саны – 27, 1 компьютерге күндізгі бөлімнің 23 оқушысы.

Оқырмандарға ақпараттық және сервистік қызмет көрсету  спектрын кеңейту  мақсатында, кітапханада   оқу процесіне  жаңа ақпараттық технологияларды  енгізу негізінде,   оқырмандарға  ақпараттық-библиографиялық  қызмет көрсету  міндеті болып табылатын  мультимедиялық зал ашылды.

2005 ж.

2005 жылдың 22 қазанында «Достар Әлем» қонақжай кешенінде колледждің ұйымдастыруымен «Медбикелік білім берудің заманауи инновациялық технологиялары мен медбике ісінің сапасын арттыру» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференция жұмысына ҚР денсаулық сақтау Министрлігі Департаментінің директоры Н.К.Хамзина, қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің директоры, профессор К.К.Кульжанов, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің өкпе аурулары мен еңбек гигиена Институтының директоры, профессор Кулкыбаев Г.А., Е.Л.Тугжанов - Қарағанды облысыны әкімінің орынбасары, Т.А.Измуханбетов – Республикалық медицина колледжінің директоры, Е.Н.Иманғалиев – Қарағанды облысы білім Департаментінің басшысы, К.Д.Медиев – Қарағанды облысы Маслихатының хатшысы.

7 мамыр 2005 жылы КМК конференц-залында «дөңгелек үстел» басында Қазақстанның қарт орта білім оқу мекемесінің 70-жылдығы мен Ұлы Жеңістің 60-жылдығына арналған «Ұрпақтар кездесуі» өтті. Колледжді Египеттің кәсіподақ басшылары аралап өтті.

 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдық мерейтойына арналған қазақ тілі пәнінен облыстық Олимпиада өткізілді.

Колледжде қаланың орта арнаулы білім беру мекемелері арасында облыстық ғылыми-тәжірибелік үйірме конференциясы өткізілді. Тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдерімен «Колледж кеше, колледж бүгін» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. №1 онкологиялық орталықпен бірлескен медбике процесінің сұрақтары бойынша конференция өткізілді.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Қайырымдылық» үйірмесінің мүшесі – оқушы Бартель Ю. өзінің Хоспистегі зерттеулерімен қатысты. Оның жетекшісі Баймағамбетова К.М. алғыс хатқа ие болды.

Мамыр айында колледж өзінің ұзақ жылдардағы еңбегі үшін «Бизнестің жоғары сапасы үшін» атты Женева қаласында өткен VII халықаралық форумда «Іскер саясаттағы жоғары сапа» Алтын медалімен марапатталды.

2006 ж.

Колледж білім беру іс-әрекетін келесі мамандықтар бойынша жүзеге асыруда: «Емдеу ісі», «Акушер ісі», «Гигиена және эпидемиология», «Ортопедиялық стоматология», «Фармация», «Медбике ісі», «Зертханалық диагностика». Авторлары Омарова М.А., Нурбеков А.Н.«Тері және венерологиялық аурулары» атты оқуылығы жарыққа шығып, көбейтілді. Оқытушылар – Байболина А.Т. және Дреева Н.И. дайындаған «Стоматология-ортопедия» мамандықтары үшін клиникалық патологияның негіздері», К.М.Баймаганбетованың барлық мамандықтарға арналған «Медбике імінің практикумы» оқу құралдары дайындалды. К.М.Баймаганбетованың қазақ тіліндегі «Терапия с курсом ПМСП» оқу құралы жасалу үстінде.

9 мамыр 2006 жылы Жеңіс Күнінің қарсаңында Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының әкімшілігі фашист лагерінің жасы жетпеген узникктарын, Ұлы Отан соғысының азқамтылған ардагерлерін және тыл ардагерлерін құрметтеді. Олардың әрқайсысы азық-түлік салынған сыйлықпен қайтарылды. Бұл салтанатты жиын колледж қабырғасында өткізілді.

23 ақпан 2006 жылы Қарағанды медицина колледжінде бірінші жұмысшылар орнын ұсыну жәрмеңкесі өткізілді. Актзалында үлкен мереклік шара ұйымдастырылды. Ақ киімді біздің түлектер ерекше көрінді, өткен жылғы түлектермен салыстырғанда, олар өздеріне жұмыс орнын барынша таба алды. Жас мамандарды жұмысқа шақыруға 20-дан астам облыстық медициналық ұйымдардан өкілдер қатысты.

Астанада өткен «Маусымашар-2006» республикалық фестивалінде колледж студенттері аймақтық «Қазақша КВН-ге» қатысуға жолдама алды. Қарағанды облысының денсаулық сақтау Департаментінің директоры Шайдаров М.З. колледждің оқу ғимаратын жөндеуге 70 млн. ақша бөлді.

Денешынықтыру пәнінің оқытушысы Полынько Б.Н. «ҚР білім берудің құрметті жұмыскері» төс белгісіне ие болды.

2007 ж.

Биылғы оқу жылы тілдік дайындық лингафондық кабинеті құрылды. «Оқытудың ұжымдық жүйесі», «Модулдік технология» педагогикалық алаңдарының жұмысы басталды.

Жұмысты жаңадан бастаған оқытушы Мектебінің отырысында «Мамандыққа қолжеткізу: теориядан тәжірибеге» тақырыбы бойынша мғк, ҚММА-ның психология, психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі Любченко М.Ю. баяндама жасады.

Колледждің ЦӘК –ның бірлескен отырыстарының бірі семинар-тренинг формасында өткізілді. «Заманауи мамандықтың мәдениеті – білім беру ортасының сапасын құрудағы маңызды жағдай» тақырыбымен «Болашақ» колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысының орынбасары сөз алды Қапанова И.Х.

Апта сайын колледж қызметкерлеріне арналған қазақ тілі сабағы жүргізіледі.

Колледжде 20 үйірмен мен 8 спорттық секциялар жұмыс атқарады.

Медициналық колледждердің «Сапалы медбике көмегі - пациент қауіпсіздігінің жағдайы» республикалық студенттер конференциясында « Мектепке дейінгі балалардың жүйкепсихикалық дамуы және олардың таңымдық дамуын бағалау» атты А.Ахметованың жұмысы 1-орынды иеленді, жетекшісі Қойшигарина Р., « Қант сусамыры сырқат емес – ол да бір ерекше өмір бейнесі» атты А.Садуақасова мен С.Карибаеваның жұмысы 3-орынды,жетекшісі Баймаганбетова К.М., «Будни студенческого кружка «Вита» Г.Оспанбекова мен Ю.Сашкинаның жұмысы, жетекшісі Каспакова А.А. IV орынды иеленді.

Колледж директоры А.Н.Нурбеков пен әдіскер Исина Н.С. «Мейірбике ісіндегі білім беру қызметтерінің сапасын басқарудың қазіргі заман проблемалар» атты мақаламен республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысты.

Оқытушылар Омарова Н.Х. мен Сагимбекова Г.Р «Дені сау жастар – дені сау қоғам» тақырыбы бойынша ашық шара және облыстық әлеуметтік-экономикалық пән оқытушыларына «Шылым шегу: иә және қарсы» тақырыбы бойынша диспут өткізді.

Оқу үздіктері мен мәдени-массалық шараларға белсенді қатысатын оқушылар Астана қаласына саяхат жасады. Үйірме мүшелері: Березань Д., Мультенова Ж. Астана қаласында СӨС волонтерлер курсынан өтіп, сертификат алды.

2008 ж.

2008 жылы практикалық тәжірибені қорытындылау және тарату, біліктілікті арттыру мақсатында Қарағанды облысының орта медициналық қызметкерлерінің «Шарапат» атты қоғамдық бірлестігі құрылды, оның төрағасы болып колледж директоры А.Н.Нурбеков тағайындалды.

Студенттердің контрацепция туралы және жүктіліктің алдын алу сұрақтары бойынша жасырын түрде кеңес беру кабинеті құрылды. «Акушерлік және гинекология» пәнінің оқытушылары А.А.Каспакова мен Н.Ж.Мусинова Алматы қаласында әйелдердің денсаулығы және «Қауіпсіз аналық» сұрақтары бойынша курстан өтті, содан кейін осы кабинеттің негізінде «Vita» үйірмесін құрып, ондағы волонтерлер мектептерде жыныстық қатынас туралы әңгімелер өткізді.

Біліктілікті арттыру институтының оқытушысы Тампиева М.И. «Оқушылардың зерттеушілік жұмыстары арқылы оқытуды жандандыру. Оқушылардың жобалық-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру» семинар-тренингін өткізді.

«Кәсіби құзыреттілік – оқыту процесін жаңарту сияқты» ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына БАИ Экономикалық білім беру Орталығының директоры Сурначева О.Г. және Қарағанды политехникалық колледжінің психологы Давленова А.С. қатысты.

Колледж базасында орыс тілі және әдебиет пәндері оқытушыларының облыстық семинары өткізілді, онда оқытушы Давленова А.С. ашық сабақ берді.

«Мектепке дейінгі жастағы балалардың психофизикалық дамуы» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Болашақ» үйірме жұмысы (үйірме жетекшісі Койшегарина Р.С.) 1-орынды жеңіп алды, « Қант сусамыры сырқат емес – ол да бір ерекше өмір бейнесі» тақырыбы бойынша «Поиск» терапевтік үйірмесінің жұмысы 3-орынға ие болды, «Колледждегі жасырын кеңес беру кабинеті. Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбы бойынша «Вита» акушерлік-гинекологиялық үйірменің жұмысы – 4-орынды иеленді.

Колледж оқытушылары денсаулық сақтау дәне білім беру қызметкерлеріне табысталатын Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын тапсыру конкурсына қатысады. Быилғы оқу жылы «Шебердің қолы алтын», «Олимп шыңына», «Мамандыққа бағыттаушы» номинациялары бойынша қатысты.

Колледж оқытушылары Артыкова С.Ж., Аскарова С.А.,Байболина А.Т.

«Жаңа Қазақстанның заманауи инновациялық экономикасындағы ақпараттық-технологиялық білім беру процестерін дамыту және оның ерекшеліктері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысты. С.Ж.Артықова мен А.Т.Байболинаның жұмысы мақтау қағазымет аталды.

ҚМК базасында физика пәнінен колледжаралық Олимпиада өткізілді, онда физика пәнінің оқытушысы Т.К.Уатаеваның жұмысы жоғары баға алды.

Оқытушылар Байболина А.Т., Кочетова Р.П., Кулешова Г.Т. конкурсқа өздерінің авторлық оқу құралдарын ұсынды. Нурбеков А.Н.,Аскарова С.А., Кемельбаева Т.С., Садвакасова С.С. жұмыстарын рецензияға дайындауда. Колледжде локальді компьютерлік жүйе қалыптасқан. Электрондық пошта мен Ғаламтор қосылған.

45-тен аса басылымдарға жазылу жүзеге асырылды, оның ішінде кәсіптік атауларға -14. 18 басылым қазақ тілінде.