Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Шыңға 80 қадам. 4 бөлім

05 қараша 2015

2009 ж.

2009 жылдың 26 наурызынан 1-сәуірге дейін колледж білім беру лицензиясы бойынша, біліктілік талаптарына сәйкестену істері бойынша мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

2009 жылы «Шарапат ОО-нда медбике ісінің кәсіби қызығушылығын тудыратын орта медициналық қызметкерлерге арналған «Мейірбике ісі - Сестринское дело» кәсіптік журналы басыла бастады. Тәжірибелік денсаулық сақтау бірлескен жұмыстары түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылады – алғашқы рет Қарағанды облысының онкологиялық орталығының ХОСПИС бөлімшесінде біздің колледж оқытушыларының қолдауымен паллиативті көмек көрсету жұмысы басталды.

Біздің колледждің оқытушылары мен волонтерлері 2009 жылы Астана қаласында мәдениет және ақпарат Министрлігінің және «Ашық қоғам» институтының «Паллиативті көмекті халықаралық қолдау» Қорының қолдауымен өткен, «Қазақстанның ХОСПИСІ: мәселелері мен оны шешу жолдары» шақырылды. Онда біздің студенттер тренинг өтіп, жақсы жетістіктерге қолжеткізді.

Қарағанды облысының ұйымдары мен кәсіпорындарын аралау кезінде Қазақстан Республикасын Сенат Парламентінің депутаты Ақылбай Серік Байсеитович 24 қараша күні біздің колледжге де келді. Кездесу барысында ол колледждің материалды-техникалық базасымен танысып, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған оқу кабинеттерін көрді. Сондай-ақ колледж оқушылары мен оқытушылары қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда ҚР жастар саясаты мен колледж түлектерінің жұмысқа орналасу сұрақтары талқыланды. 2009 жылдың 11-желтоқсанында біздің колледж өкілдері Астана қаласында өткен «Волонтерлер – болашақтың қонағы» дөңгелек үстеліне қатысты.

Колледж директоры А.Н.Нурбеков  «Ы.Алтынсарин» және «ҚР денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне» төс белгілерімен марапатталды.

2010 ж.

Колледждің 75-жылдығына ҚР медициналық колледждері директорларының қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Елімізде алғашқы рет білім беру қызметтерінің сапа мониторингінің орталығы тұсау кесті.

2010 жылы «Шарапат» ОО-ның тілегімен Новосибирск қаласының ғылыми-зерттеу институтының өкілдері шақырылып, «Замануи кезеңдегі қанның аурулары. Иммунология» ғылыми-тәжірибелік конференциясына өткізілді.

Колледждің мерейтойына қарсаң 2010 жылдың қазан айында, облыстық профессор Х.Макажанов атындағы травмотология және ортопедия облыстық Орталығының әлеуметтік серіктестік шеңберінде, Қарағанды медицина колледжімен бірлескен, аурухананың орта және кіші медициналық қызметкерлері білім деңгейін арттыратын, заманауи жаттықтырғыштармен, интерактивті тақталармен, жабдықталған ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бойынша оқу-әдістемелік орталығы ашылды.

Осы оқу жылында 18.01 -22.01. аралығында алғашқы рет «Әдістемелік апталық – колледждің оқу процесін арттыру құралы ретінде» тақырыбы бойынша әдістемелік апталық ұйымдастырылып, өткізілді.
Директордың оқу ісі бойынша орынбасары Артыкова С.Ж. мен директордың тәжірибе істерінің орынбасары Куанышева Б.Ш. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Оқытушы Исина Н. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Кәсіподақ төрағасы Кусаинова Ж.К. «Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне» төсбелгісімен марапатталды.

Оқушыларға Костенко 4 көшесіндегі жатақханадан орындар берілді.

2011 ж.

2011 жылдың наурыз айында колледж директоры А.Н.Нурбеков Санкт-Петербург қаласында өткен «Ресейдегі медбике ісі: білім беру, тәжірибе, ғылым» Халықаралық конгресіне қатысты. Шаралар шеңберінде «Үздік оқу құралы» сайысы өтті, онда А.Н.Нурбековтың «Гигиена» оқу құралына 3-орын берілді.

Қазақстан Республикасы егемендігінің 20-жылдығына арналған Қостанай қаласында өткен «Жас Қазақстанға – жас ұрпақ: жаңашыл ойлар мен творчестволық ізденімпаздық» халықаралық конференциясында Тельман Айдын екінші орынды жеңіп алды. Жылқышы Балдырған Қазақстан Республикасы егемендігінің 20-жылдығына арналған облыстық конкурста екінші орынды иеленді. 2012 жылы Тельман Айдын Астана қаласында өткен «Білімді ұрпақ- білікті маман» атты республикалық конференцияда алғыс сыйлыққа ие болды.

2012 ж.

Облыстық клиникалық аурухана базасында нефрология, урология және гемодиализдегі заманауи медбике технологияларына арналған, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. 
Оқыту процесінде жаңашылдықтып бір мысалы «Қазақстан медицина колледждерінің Одағы» ОӘО-ның on-line кестесінде өткен отырыс болып табылады. Биылғы оқу жылы осындай кесте бойынша келесі отырыстар өткізілді:

- 20.04.12ж. Түркістан медициналық колледжінің базасында өткен «Адамгершілік капиталдың дамуындағы және салауатты өмір салтын ұстаудағы медицина мен фармацияның басты рөлі» атты студенттердің ғылыми-зерттеушілік конференциясына колледж оқытушылары Койшегарина Р.С., Абаева А.Т. оқушылар А.Баяубаева мен А. И Ешназарованың «Колледж оқушылары арасында қан ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу», «Балалардың орталық жүйке жүйесіне ҰБТдің әсері»
Мақалаларымен қатысып, бірінші дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал олардың жұмыстары Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми жұмыстар жинағына шықты; 
- 22.06.12г. – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша РГКП базасында өткен «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау Республикалық колледжі» ӘББ отырысында Мусинова Н.Ж. «Оқу процесінде пайдаланылатын инновациялық технологиялар» тақырыбы бойынша хабарлама жасады.

Колледж директоры А.Н.Нурбеков «ҚР денсаулық сақтау секторындағы институционалды реформаны жүргізу және технологияларды тапсыру» жобасының орындалуы бойынша Хельсинки қаласында Лати Яваскумиде іс-сапарда болды. Директордың оқу ісінің орынбасары Артықова С.Ж. «Медбике ісі» мамандығы бойынша жұмыстық топ құрамында БЖМС-2013 жасау істеріне қатысты. 2012 жылы директордың оқу істері бойынша орынбасары Артықова С.Ж. 19 қарашадан 1-желтоқсанға дейін Омбы облысында «Білім беру қызметкерлерінің ОКК» оқуына қатысты.

Колледж директоры Нурбеков А.Н. ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Әлеуметтік-экономикалық пәндердің оқытушысы Омарова Н.Х. дайындаған студент Войтенко Вячеслав облыс колледждері арасында Экономика негіздері» пәнінен өткен олимпиаданың жеңімпазы атанып, 3-орынға ие болды.

«Аллиативті көмек - қоғамдық денсаулық сақтаудың заманауи бағыты» атты ғылыми-зерттеушілік жұмыс жалпыколледждік ғылыми-тәжірибелік студенттердің конференциясында 3-орынды иеленді, осы жұмыспен студенттер ҚММУ-нде паллиативті көмек пен медбикелік күтім ІІ Халықаралық конференциясында сөз алды.

Үйірме мүшелерінің жұмысы Әлемдік Хоспистер күнінде бағаланып, «Индустриальная Караганда» газетінде мақала болып шықты. 13.10.2012 ж. Тельман Айдын Астана қаласында өткен «Білімді ұрпақ- білікті маман» республикалық конференцияға қатысып, 1-орынды жеңіп алды.

«Халықта достығы бұл тек сөз емес, халықтар достығы мәңгі бізбен» тілдер фестивалінің шеңберінде өткен әдебиеттік қойылымға К.Станиславский атындағы театрдың творчестволық ұжымы қатысты.

Колледждің спорттық өмірі де өте бай. Оқытушылар мен оқушылардың командалары облыстық, қалалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Жеңіл атлетика эстафетасында «Индустриальная газетаның» сыйлығына қыздар командасы жеңімпаз атанды. 

2013 г.

Осы оқу жылынан колледж Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасының «Коммуналды мемлекеттік кәсіпорын Қарағанды қаласының медицина колледжі» деп аталды. «Шарапат»ОБ-нің төрағасы А.Н.Нурбековтың бастамасымен 2013 жылы Омбы облысының «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Орталығы» бюджеттік білім беру мекемесінен және Омбы қаласының тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдері арасынан әріптестері шақырылды.

Заманауи сүлбелерді, жаттықтырғыштарды, бейне-аудио техникаларды пайдалана отыра, біздің әріптестер Қарағанды қаласының бас емдеу-сауықтыру мекемелерінде семинарлар мен мастер-кластар өткізді.

26.092013 ж. біздің колледждің базасында орыс тілі және әдебиет пәндерінен оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігі өткізілді, онда оқытушылар Давленова А.С. мен Зеитова К.Ж. оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отыра ашық сабақтар берді. Сабақтар туралы айтылған пікірлер өте жоғары бағада болды.

Жыл бойы «Қазақстан медицина колледждерінің Одағы» on-line кестесіндегі ОӘБ отырыстарын өткізу жұмыстары жалғасуда. Осындай отырыстардың бірінде «Халықаралық гуманитарлық құқық» тақырыбы бойынша сабақ үзіндісімен әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Сагимбекова Г.Р. сөз алды.
Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеушілік потенциалық арттыру істері БАҚ арқылы жүзеге асырылуды. Биылғы оқу жылы «Орсы тілі және әдебиет пәндерінің әдістемесі» журналында оқытушы А.С.Мухаметжанованың «Тарихтың қоңыр беттері» атты мақаласы жарық көрді, С.К.Амиргалина мен А.Н.Нурбеков Бүкіоресейлік ғылыми-тәжірибелік интернет-конференцияға қатысып, сертификаттармен марапатталды. Олардың мақалалары конференция материалдарының жинағына кірді.

Әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Омарова Н.Х. наурыз айында колледж студенттерімен Қарағанды қ. «Болашақ» университетінде академик Ж.С.Акылбаевтың 75-жылдығына ұйымдастырылған Жастардың форумына қатысты және Жас заңгер - 2013» шығарма сайысындағы жеңімпазды дайындады. Дарынды, әрі оқу процесіне тек білім бағдарламасын ғана енгізіп қоймай, сонымен қатар бәсекелестікке қабылетті мамандарды қалыптастыратын, творчестволық қызмет атқаратын оқушыларды анықтау және олардың педагогикалық тәжірибесін тарату мақсатында 2013 жылдың 18-24 желтоқсан аралығында «Медицина колледжінің үздік оқытушысы -2013» конкурсы ұйымдастырылды.

Конкурсқа 7 оқытушы қатысты, олар Сагимбекова Г.Р.-әлеуметтік-экономикалық пәндердің оқытушысы, Дубовская Е.Г.- акушер пәнінің оқытушысы, Султангазина Б.Б. – ішкі аурулар пәнінің оқытушысы, Абдигулова П.К.- анатомия пәнінің оқытушысы, Мусина М.Г.- қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Жантурина Д.К.- химия пәнінің оқытушысы, Грищенко Л.К.- педиатория пәнінің оқытушысы. Конкурсқа қатысушылар өздерінің кәсіби машықтарын, білім берудің заманауи технологияларын пайлана алатындарын және педагогикалық шеберліктерін ортаға салды.

Корнкурс қорытындысы боынша аталғандар:
« 2013 ж. арнаулы пәндердің үздік оқытушысы» - Сұлтанғазина Б.Б.
«Медициналық колледждің жалпы білім беру пәндерінің үздік оқытушысы - 2013 ж.» - жеңімпазы Сагимбекова Г.Р.

Біліктілікті арттыру курстары өткізілді: Финляндияда, Омбыда, Түркістан қаласындағы Х.А.Яссави атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Алматы қаласындағы орта медицина және фармацевт қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау Республикалық колледжінде, Қарағанды медициналық университетінде, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, Қарағанды облысы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында, Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасында және т.б.

Биылғы оқу жылы 30 оқытушы өз білімдерін көтерді.

Жеңіл атлетика эстафетасында «Индустриальная Караганда» газетінің сыйлығына қыздар командасы тағы да жеңімпаз атанды. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бойынша оқыту істерін жүзеге асыру мақсатында 4 интерактивті тақта, жаңа ұрпақ компьютерлері алынды, білімі беру сапа мониторингінің орталығы және 3 симуляциялық орталықтар ашылды, «Білім ал», «Канцелярия», «Дипломдар мен қосымшалар» электрондық колледжі іске қосылды.

Білім беру қызметтері сапасының мониторингі Орталығында, оқушылардың өзбеттерімен тренинг-кластардың жаттықтырғышында тәжірибелік машықтануларын бақылау мүмкіндігі бар, клиникалық пәндер кабинеттеріне бейнебақылау жүйелері орнатылған.

Дуалды оқыту Орталығында 4 бақылау камералары қойылған, бақылау арқылы медбикенің стационардағы заманауи қызметін елестетуге болады. Кітапхананың материалдық-техникалық базасы 27 компьютерден (электронды оқырман залы), принетерлерден, сканерлерден, ЭБС «Студент кеңесшісі.

Медицина колледжінің электрондық кітапханасынан, «ИРБИС» кітапханалық бағдарламалық қамтамасыз етуден, оқытушылар мен оқушыларды ғаламтормен тегін қамтамасыз етуден құралады.

Колледждің өз меншікті жатақханасы жоқ, жатақхана Қарағанды қ. Мұқанов көшесіндегі 3 үйден жалға алынады.

2014 г.

03.06.2014 ж. ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің «Аймақтық симуляциялық орталық ашу жөнінде» бұйрығы негізінде Қарағанды облысының денсаулық Басқармасының КМК «Қарағанды қ.медицина колледжінде» облыстық клиникалық аурухана базасында «Симуляциялық Орталық» ашылды. Орталық заманауи оқу-көрнекілік сүлбелермен, оқытудың техникалық құралдарымен, копфункционалды компьютерлендірілген симуляциялық «Gaumard» құралдарымен, жаңа туған баланың интерактивті сүлбесімен, пациенттерлі күту сүлбесімен, компьютерлік робот-стимулятормен және жүрек-өкпе дефибриляциялық Wi-Fi қолдауларымен, ересектерге арналған «Амбу» мөшектер мен ларигоскоптар жинақтарымен жабдықталған. Симуляциялық орталықтың үй-жайы Қарағанды облысы денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Е.Ш.Нурлыбаевпен ұсынылған.

2014 жылы колледжде аймақтағы ең бірінші орта медициналық қызметкерлерді дуалды түрде оқыту орталығы құрылды. Бұл ретте әр сүлбенің қасында студенттер білім алатын, заманауи аппаратура орналасқан.

Колледж басшысының қолдауымен ашылған ДОО-ның ашылу жиынында Қарағанды облысы «Нұр Отан» партия филиалының бірінші орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Қадиша Базарбаевна Оспанова жоғары баға берді. 

 

Қадиша Базарбаевна Оспанова, Қарағанды облысы «Нұр Отан»  партия филиалының  бірінші орынбасары,медицина ғылымдарының докторы .

«Шарапат» облыстық бірлестігі сырт жақтарға шығып, ауыл медицина қызметкерлеріне мастер-кластар, семинарлар өткізу істерін дәстүрге айналдыра білді.

6 мамыр 2014 жылы № 3 КМК-мен бірлесе отыра «ПМПС жүйесіндегі үздік медбике» конкурсы өткізілді. 26 мамырда Абай қаласында «Үздік медбике» конкурсы өткізілді. 28 мамырды Бұқар жырау ауданының Орталық аудандық ауруханасында «ФАП үздік медбикесі» атты конкурс өткізілді.

Колледж республиканың медициналық ұйымдарында, сондай-ақ шетелдерде еңбек етіп жүрген өздерінің түлектерін мақтан етеді. Фармация мамандығы бойынша өткен «Үздік түлек-2014»Республикалық конкурстың жеңімпазы біздің түлегіміз Степкина Любовь.

23.05.2014 ж. «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша «Үздік түлек-2014» республикаылқ конкурсы біздің колледжде өткізілді.

Биылғы оқу жылы оқытушылар С.А. Кнашина мен А.А.Блялова «Педиатриядағы мейірбике ісі» оқу-әдістемелік құралын құрастырды. Табиғи-ғылыми ЦӘК оқытушылары Б.М.Жумабаева мен Ж.С.Тулеубаева және тілдер даярлау ЦӘК-ның оқытушыларымен әдістемелік оқы құралдары мен тестілер жинақтары баспалық тәсілмен шығарылды. Оқытушы Баймағамбетова К.М. орыс және мемлекеттік тілдерде тестілер жинағын құрастырды. Қарағанды облысы колледждері арасында өткізілген «2014 ж.үздік әдістемелік жұмыс» сайысына оқытушылар Б.М.Жумабаева мен Т.К.Уатаева қатысты. Уатаева Т.К. өзінің «Молекулалық генетика негіздері, онтогенез тарауын қорытындылауда ақпараттық технологияны қолдану» сабағын ұсынды Оның жұмысы 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Б.М.Жұмабаеваның «Молекулалық жалпы және медициналық генетика » әдістемелік жұмысы 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Директор колледжа Нурбеков А.Н. прошел курсы повышения квалификации менеджеров профессионально-технического образования в Лондоне- Оксфорде- Кембридже с 14 по 20 декабря 2014 г.

Колледж директоры  Нурбеков А.Н. 2014 жылдың 14-20 желтоқсан аралығында Лондон- Оксфорд- Кембридж қалаларында  кәсіптік-техникалық  білім беру  менеджерінің  біліктілігін арттыру курсынан өтті. 

Колледжде өткен педагогикалыө оқуларға  Қарағанды облысы бойынша АҚ БАҰО «Өрлеу» БАИ директоры, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Муканова С.Д.қатысты.

 

Қарағанды облысы бойынша АҚ БАҰО «Өрлеу» БАИ директоры, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Муканова С.Д.

6 мамырда колледж студенттері әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Р.Х.Омарованың басшылығымен ҚарМТУ-де өткен «Ұлы Отан соғысы XXI ғасыр жастарының көзімен» атты студенттердің IV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Студенттер арасында облыстық көлемде қазақ тілі, шетел тілі, Қазақстан тарихы, математика және физика пәндерінен олимпиадалар өткізілді. Балалар жүлделі орындарға ие болды. Қазақ тілінен облыстық олимпиадада 3-ші орын алған оқушы Сманкулов Е. (Жетекшісі Мусина Майя Ғазизовна), Қарағанды қаласының Ұлы Отан соғысына қатысқанына арналған студенттер арасындағы облыстық олимпиадада 2-орынды иеленді. Оны дайындаған «Асыл мұра» үйірмесінің жетекшісі Зейнегабиева Б.М.

Дарынды, творчестволық қызмет атқаратын, жұмыс барысында тек оқыту-тәрбиелеу бағдарламасын ғана жүзеге асырып қоймай, сонымен қатар бәсекелестілікке қабілетті мамандарды дайындауға және үздік педагогикалық тәжірибелерін насихаттау, тарату мақсатында 2014 жылдың 12 қыркүйегінен 12 желтоқсанға дейін «Үздік жетекші – 2014» конкурсы өткізілді. Конкурсқа 7 оқытушы қатысты, олар: Сулейменова Ж.Т.- әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық пәндер оқытушысы, Акедилова Н.К. - жалпыбілімдік және кәсіптік пәндер оқытушысы, Насырова Н.Е. - денешынықтыру пәнінің оқытушысы, Байболина Р.А.- жалпыкәсіби пәндер оқытушысы, Мукашова А.Ж.- «Құқық негіздері» оқытушысы, Толеуова Д.К. - ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, Мухамеджанова А.С.- орыс тілі пәнінің оқытушысы. Конкурсқа қатысушылар өздерінің заманауи технологияларды пайдаланудағы кәсіби машықтары мен педагогикалық шеберліктерін ұсынды.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
«2014 жылдың үздік жетекшісі» - Байболина Р.А., Мухамеджанова А.С., Акедилова Н.К. Ақтөбе медициналық колледжінің 80-жылдығына арналған «Медбике ісіндегі жаңалықтар: заманауи жағдайлар мен даму жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда орыс тілі және әдебиет пәндерінің оқытушысы А.С.Мухаметжанованың «Жылдың үздік жетекшісі» мақаласы шықты.

Әлеуметтік-экономикалық пәндердің оқытушыларымен on- line кестесінде, Сәкен Сейфуллин драмтеатры мен Ж.Бектуров облыстық жастар кітапханасының өкілдері шақырылған, қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы қазақ мемлекеттілігінің негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Колледж оқытушылары «Интернет конкурсы» Халықаралық оқыту жобасынан «Білім беру барысындағы заманауи әдістер мен технологиялар» атты 1-ші Халықаралық педагогикалық конкурсқа қатысты. Г.Р.Сагимбекованың «Әлеуметтік-экономикалық пәндерді оқытуда Дальтон-жоспарын пайдалану» тақырыбындағы конкурстық жұмысы 1-дәрежелі дипломмен марапатталды, ал Ж.К.Құсаинованың «Кітапханада студенттердің өзіндік жұмыс жағдайларын және студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту» мақаласы 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Биылғы оқу жылында «Заманауи білім» журналында К.Ж.Зейтованың «Орыс тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану» мақалысы, М.Г. Мусинаның «Жаңа технологияларды қолдана отырып, қазақ тілін тиімді оқыту» мақаласы, «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер негізінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» журналында Ж.М. Зейнегабиеваның «Біліктілікті арттыру курстары-үздіксіз кәсіби даму үшін» және Г.Р.Сагимбекованың «Тарих сабағындағы сүйеніш конспектілері» басылып шықты.

Колледжде Қоғамдық Бірлестікке қатысты, салауатты өмір салтын насихаттайтын, «Вита» волонтерлік қозғалысы ұйымдастырылды. Волонтер қозғалысының мүшелері - Астана қаласында өткен «Әлемді өзгертуді – өзіңнен баста» атты конференцияға қатысты.

Жеңіл атлетикадан «Индустриальная Караганда» газетінің сыйлығына өткізілген жарыста қыздар командасы тағы да жеңімпаз атанды. «Шахтер» стадионында медициналық қызметкерлердің XIII облыстық спартакиадасы өткізілді, онда біздің команда жеңіл атлетика эстафетасында 1-орынға ие болды, ал жігіттер 2-ші орынға.

КМК –дің спорттық-сауықтыру кешені салына бастады.

2015 ж.

ӘББ шараларының шеңберінде  «Фармация» мамандығы бойынша  29.05.2015ж.       біздің колледж базасында  республикалық «Үздік  фармацевт-2015» республикалық конкурсы өткізілді.

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің  20 қаңтар 2015 ж. №19 «Оқушыларды оқу  ұйымдарына ауыстыру және қалпына келтіру»  бұйрығына және Қарағанды мемлекеттік  медициналық университетінің 21 тамыз 2015 ж.№163 бұйрығына  сәйкес, біздің колледжге  Қарағанды мемлекеттік  медициналық университеті  колледжінен  «Емдеу ісі», «Медбике ісі, «Фармация»  мамандықтары бойынша 800 студент   есепке алынды.

БӘД  пәнінің оқытушысы Кажгалиев А.А.  Ұлы Отан соғысының 70-жылдығының    қарсаңында «Қарулы күштердің ардагерлері» атты  Республикалық қоғамдық бірлестігі Президентінің шешімімен  авиацияның генерал-майоры Талғат Бигельдиновтың  медалімен марапатталды. Маусымның негізгі басты старты – жеңіл атлетика эстафетасынан «Индустраильная Караганда» газетінің сыйлығына  қыздар командасы  қатарынан  төртінші рет  жеңімпаз атанды.

Кітапхана қорын  тиімді пайдалану үшін «ИРБИС» кітапхана бағдарламасы  орнатылған. ТМД-да кәсіптік медициналық әдебиеттердің алдыңғы баспасы болып табылатын,  «Студент кеңесшісі. Медициналық колледждің электрондық кітапханасы»   және «ГЭОТАР-Медиа» баспа тобының электрондық-кітапханалық жүйесіне  тегін қолжетімді.

Биылғы оқу жылы ҚР Азаматтық кодексінің 9 бөліміне, Қарағанды облысы әкімшілігінің   27 тамыз 2013 ж. № 54/07  «Мемлекеттік мекеменің Ережелері мен құрылымдарын бекіту» қаулысына, Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасы  7 қыркүйек 2014 ж. №8-1-4-5178   хатының негізіне  сәйкес Қарағанды қаласы,  Құрылысшылар даңғылы, 22-үйде орналасқан  КМК «Қарағанды қ.№5 емханасының»,  жалпы көлемі 634 кв.м. ғимараты  «Қарағанды қ.медицина колледжі»  КМК-на берілді. Осы уақыт ішінде 100 орындық жатақханаға  ғимаратты капиталдық жөндеу арқылы  жоблаы-сметалық құжаттама жасалды.  «Арман-Құрылыс»  құрылыс фирмасымен  конкурстық тендор арқылы   колледждің бюджеттен тыс 31,0 млн. теңгесіне  ғимараттың капиталдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.   Жатақхана үй-жайында   студенттердің  заманына лайық   өмір сүруіне арналған барлық жағдай жасалған.  Ыңғайлы орналасқан екі –үш  орындық бөлмелері  замануи жиһаздармен қатар ортопедиялық матрастары бар кереуеттер,  үстелдер, орындықтар, киім шқаптары, төсек құралдары жабдықталған.  Тұрмыстық бөлмелерге  киім үтектейтін  тақталар,  кір жуатын машиналар және киім кептіретін құралдар қойылған.  Жатақханада гигиена бөлмесі, жуынатын кабиналар  қойылып, санитарлық құрылғылар  толығымен ауыстырылған. Жатақхананың ас бөлмелеріне   заманауи  техникалармен, құралдармен жабдықталған:  тоңазытқыштар,  электроплиталар,  тамақ ысытатын пештер, шәйнектер, ыдыстар қойылған.  Оқу бөлмесі  қажетті жиһаздармен жабдықталған,  сонымен қатар  Ғаламторға  қосылған ноутбуктер, сканерлер мен принтерлер, электрондық кітапхана қоса қойылған.  Жатақханада оқушылардың  демалуына,  жақсы тұруына қажетті  барлық жағдайда  жасалған.

Мемлекеттік бюджетке  салықтар мен  басқа да  міндетті  төлемдерді төлеу «Суммарлық номинациясы» негізінде, кәсіпорындарды  Қазақстан Республикасының  жалпы мемлекеттік  рейтингтік бағдарламасы бойынша   кәсіпорындардың  қаржылық-экономикалық  қорытынды рейтингтік нәтижелері бойынша,  Қарағанды облысының кәсіпорындары арасында 2014 жылдың желтоқсан айындағы  көрсеткіштері  арқылы колледж 3-орынды иеленді.  Ұлттық бизнес-рейтингтің Ұйымдастыру комитетінің   төрағасы Гульнара  Хабибрахманова  2015 жылғы қолжеткізген жетістіктер үшін  өзінің алғысын жариялады.   Осындай үлкен нәтижелерге қолжеткізген  біздің білім беру мекемеміз «2015 ж. салалардың көшбасшысы» деген үлкен абыройлы атаққа ие болды.

Тарих жалғаса береді  ...

КМК ұжымы қоғамда болып жатқан өзгерістерді, өмірдің жаңа талаптарын есепке ала отыра,  оқу-тәрбие процесінің  тиімділігі мен сапасын үнемі арттыруда, іс-әрекеттің творчестволық  стилін жақсартуда,  нарықтық қатынас  жағдайларына  үйренген, бәсекелестікке  қабілетті тұлғаларды қалыптастыру  істерін,  білім – тұтас тұлғалы образдың  құрылу нәтижесі  екенін ұғындыра отыра, жастардың әлеуметтік-экономикалық   көзқарастарын қалыптастыру арқылы көптеген істерді  жүзеге асыруда.

КМК ұжымы  барлық жасалып жапқан еңбектің  мемлекетіміздің  абыройы  мен  атағын арттыруға  себін тигізетініне кәміл сенімді.