Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Кальций туралы 8 қызықты дерек

09 маусым 2015

Барлық адамзат кальцийдің біздің денемізге қаншалықты қажет екенін біледі. Бірақ мұнымен ағзаға деген кальцийдің әсері бітіп қалмайды. Сіздерге бұл деректер туралы қызықты топтама дайындалған.

1. Біздің ағзамыз кальций шығара алмайды
Барлық өсімдіктер мен хайуанаттарға сияқты адам денесіне алмасу процесін жүргізу үшін кальций қажет. Ол нерв жүйелерін, артериалдық қысым мен қанды ширатуда маңызды рөл атқарады. Кальций - сүйектің жасушалары мен тістерінің негізі. Сүйектер біздің ағзамыздағы үлкен қорғаушы болып табылады. Егер сіз тамақ өнімдерімен қатар жеткілікті кальций алмасаңыз – онда ағзаңыз өзіне қажеттісін сіздің сүйегіңізден алады. Тамақтанудың дұрыс тәртібін сақтаған жөн, кальций жеткіліксіз болған жағдайда қосымша тағам өнімдерін қабылдау қажет.

Құрамында кальцийі бар тағамдар:
• сүзбе және ірімшік сияқты сүт және сүт өнімдері;
• көк шөп,әсіресе қырыққабат пен брокколи;
• балық және басқа жа теңіз өнімдері

2. Ағза кальцийді алмасу процесін реттеу үшін пайдаланады
Кальций қан қысымын реттеуге көмектеседі, бұл жүрек-тамыр ауруларының алдын алуға көмектеседі. Сол сияқты ғалымдарға әйелдердің кіретек алдындағы сырқаттарын азайту қабылеттері де бұрынннан белгілі. Африка елдерінде кальциймен улы өрмекші шаққанды емдейді. Бұл заманауи әдіс болмағанмен, әрекетті іс болып табылады.

3. Кальцийдің тәуліктік мөлшері қандай?
Сіз кальцийді қаншалықты жеткілікті алатыныңызды қалай білуге болады? Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы әр ересек адамға кальцийдің тәуліктік мөлшерін 1000 мг тең деп белгіледі. 50 жастан асқан әйелдердің кальцийді қажет етуі 1200 мг тең. Бұл цифрларды көрнекілік ретінде көрсетсек: бір пайызды сүтті стақанда 350 мг кальций бар. Кальций ағзаға жақсы сіңу үшін, D дәрумені қажет. Өзіңізді оны тағаммен жиі алып, жиі күн көзінде болатыңызға сендіруіңіз керек.

4. Кальцийдің жетіспеушілігі остеопороз және басқа да сүйек ауруларына әкеліп соғады.
Ағза сүйектен кальцийді алуға мәжбүр болса – олар өз күшін жойып, сынып кетуі мүмкін. Остеопороз әйел заттарында жиі болады, сол себепті оның тәуліктік мөлшері ер адамдікінен бірнеше рет жоғары. Жеткілікті кальций алмаған балалардың өсуі нашар, сүйектері қисая бастайды.

5. Кальций қоспасы бар тағамның екі түрі бар
Адам егер оның ас мөлшерінде кальций жетіспесе, не істеуі керек? Онда оның қорларын тағам қоспалары арқылы толтыруға болады. Дәрігерлер оның екі формаларының бірінде кальцийді қабылдау керектігін ұсынады: кальций карбонаты мен кальций цитратын. Кальций карбонаты арзан, оны әр дәріханадан сатып алуға болады. Бойға жақсы сіңу үшін, оны аспен қабылдаған жөн. Кальцийдің цитраты – заманауи дәрі деп айтуға болады. Оны аспен қабылдау қажеті жоқ, ол жасы ұлғайған адамдарда асқазан қышқылының төменгі деңгейімен бойға сіңеді. Құрамында кальцийі бар қоспалардың қосалқы әсері туралы есте сақтаған жөн. Іш ісініп, кебуі мүмкін. Кальций қосалқылары кейбір тағам заттары мен емдік құралдарды сіздің ағзаңыздың қабылдау қабілетін бұзуы мүмкін. Кальций құралын пайдаланғаныңыз туралы міндетті түрде өзіңіздің дәрігеріңізге хабарлаңыз.

6. Кальцийдің глюконаты — ағзаның талабын орындаудың жай тәсілі
Негізінен кальцийдің глюконатын қанның дұрыс минералды құрамын қолдауға пайдаланады. Глюконат ауыр аурулар әсерінен бұзылып тұратын калий деңгейіне әсер етуге қабілетті.

7. Кальций рак ауруының дамуына әсер етеді және біруақытта ракты ескертеді
Соңғы зерттеулер көрсеткендей ағзадан калийдің артуы көптеген рак жасушаларының өсуіне әкеліп соғады, мысалы, простатит рагы. Сол ретте, сүт безі рагының болуы мүмкіндігін төмендетеді.

8.Д дәрумені кальцийдің ажырамас бөлігі болып табылады
Адам ағзасы кальцийді сіңіруге көмек жасайтын жеткілікті мөлшерде Д дәруменіне мұқтаж. Құрамында кальцийі бар түрлі өнімдерді жеуіңіз мүмкін, бірақ құрамында Д дәрумені болмаса, сіздің ағзаңыз алынған минералдың тіпті жартысын да қабылдай алмайды.

Кальций сіздің ағзаңызға қажетті маңызды нәрлі зат болып табылады. Үнемі кальцийді пайдалану ретін бақылап отырғаныңыз жөн, оның қаншалықты жеткілікті екеніне көз жеткізгеніңіз жөн. Бірақ ағзадағы кальцийдің тым артық болып кетуінде ұмытпаңыз. Барлығы өз мөлшерінде болуы керек!