Медицина – барлық өнердің ішіндегі ізгі өнер (Гиппократ)

Медицинада, негізгі құқықтарды қорғау тәсілі дәрігер өзі болып табылады. (Энтони Kempinsky)

Депрессияға ұшырау және оны емдеу тәсілдері

01 маусым 2015

Басым көпшілігіміз депрессияға шалдығу туралы ештеңе біле бермейміз. Көпшілігіміз депрессия деп барлық адамзатқа тән көңіл ауытқуларын депрессияға жатқызамыз. Психикалық ауытқу ретінде депрессия деп медицинада адамның қоғам мен жеке қатынастыранда қалыптасуының бұзылуына әкеліп соғатын, көңілінің қарқынды ауытқыларын айтады.

Депрессияның кең таралуы
Барлық психикалық бұзылушылықтардың ішінде депрессия маңызды орындардың бірін алады. Көпшілік жағдайларда депрессияға әйелдер ұшырайды: 1000 адамға 40 жағдай. Ер адамдар 2 есе сирек ауырады: 1000 адамға 20-30 жағдай. Депрессиялық ауытқулардың кең таралуы қызықты. Психикалық бұзылушылықтарға үлкен қалалардың адамдары жиі ұшырайды, оның ішінде жоғары деңгейлі адамдар. Ал материалдық тұрғыдан төмен адамдар арасында депрессияға ұшырау сирек кездеседі.

Есте боларлығы, үйсіз және ішкіш адамдар арасында депрессияға ұшырағандар тіпті кедеспейді. Депрессия жеке бас ауруларына жатады. Ол біздің елдерде және басқа да елдерде еңбек қабілетінен айырылу себептерінің бірі болып табылады. Осы ауытқуларға байланысты мүгедектердің саны жыл сайын артуда. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының қорытындылары бойынша: 2020 жылға депрессиялық ұшыраулар мүгедектіктің себебі болуы мүмкін. «Депрессияға ұшырау» диагнозын қоюдың негізі ретінде ауру белгілерінің топтамасы бар.

Негізгі белгілерге жататыны:
• тұнжыраңқы көңілдің ұзақтығы;
• бұрынғы сүйікті істерге деген қызығушылықтардың жоғалуы;
• тіпті жай жұмыстан тез шаршау;
• болашаққа деген торығушылық;
• негізсіз өзін кіналау;
• өзін-өзі төмен бағалау;
• нашар ұйқы мен тәбеттің болмауы;
• өлім мен өзіне қол салу ойлары.

Бұл белгілердің пайда болу дәрежесіне байланысты депрессияға ұшыраудың «үлкені» және «кішісі болады.

Үлкен депрессиялық ұшыраудың кең симптоматикалық ерекшелігі бар, олар терең психикалық өзгерістер және адамның депрессиялық ойларға шалдығуы. Мұндай жағдайға ұшырағандар көмек күтеді, қамқоршылық пен дұрыс емдеуді қажет етеді.

Депрессияға ұшыраушылықтың ең аз белгілері, бірақ оның байқалуы күштірек болуы мүмкін. Депрессияның әр жағдайында маманға қаралған жөн. Депрессияға ұшыраулардың арасында кеңінен таралған атипичті депрессия.

Атипичті депрессия жағдайында қосалқы белгілер алдыңғы жоспарға шығуы мүмкін. Мысалы, көңіл кішкене төмендесе ұйқы дұрыс болмайды, әлсіздік пайда болады. Депрессияға ұшыраудың басқа да өзіндік формалары сипатталған. Босанғаннан кейін пайда болған депрессия постнаталды деп аталады, ал ұзақ жылдар бойы созылған – дистимия деп аталады. Депрессияның дамуына күйзеліс факторлары, физикалық және эмоционалдық ойлаулар, гормоналды шалыстар және адамның жеке бас ерекшеліктері әсер етеді.

Ойға салынған адамдар, секемшілдер, сабырсыздар депрессияға жиі ұшырайды.

Сонымен қатар депрессиялық ұшырауларға генетикалық тұрғыдан да қараған жөн. Мысалы, балалардың егер ата-аналары депрессияға ұшыраса, олардың да ұшырауы мүмкін. Депрессиядан түрлі жастағы адамдардың бәрі де сақтандырылмаған: кәрі де, жас та ұшырауы мүмкін. Егер кәрілік депрессия туралы көп белгілі болса, онда таяу арада пайда болған емшектегі баланың депрессиясы жайында ештеңе білмейміз.

Депрессиялық жағдайларды емдеуге болады. Заманауи фармакология депрессиясен күресетін түрлі дәрі-дәрмек ойлап шығарған. Егер адам өзі психиатрға немесе психотерапевке бет алса, онда, әрине, ем дұрыс болады. Әотне, туысқандардың қолдауы да көп көмек етеді.

Депрессияға ұшыраушылықты емдеудегі маңызды кезең - уақытылы диагностика болып табылады. Депрессия диагностикасының басталуы - пациент туралы берілгендерді жинақтау. Дәрігер созылмалы аурудың ерекшеліктеріне, депрессиялық тұқымқуалаушылық ерекшеліктеріне үнемі назар аударады. Дәрігермен ашық сөйлесу тек ерте диагноз қоюға ғана емес, сонымен қатар депрессияның бастапқы себептерін анықтауға жол ашады.

Әрине, стандартаттық емдеу әрқашанда бола бермейді. Әр адам, әр жағдай сияқты жеке дара. Емдеу тәсілін, дәрілермен емделу уақытын таңдау оңай емес. Үнемі бірден тиімді терапия қою мүмкін емес. Қиындықтарға төзе білу керек - әр істің өз маңызды жетістігі бар.

Түрлі типті депрессияны емдеу бірнеше кезеңмен өткізіледі. Бастапқы кезде оның ауыр көрінстерінің алдын алу керек. Мұндай үрейдің алдын алуға транквилизаторлар көмектеседі. Дәрігер ұзақ уақытқа ем бермейді. Мұның ешқандай қажеттілігі жоқ. Түнгі ұйқыны ұйықтатын дәрілермен жақсартуға болады. Бұл ретте шөптен жасалған дәрілерді пайдалану артық емес. Депрессияға қарсы емдеу дәрілері – бұл депрессияға қарсы қолданылатын құралдар. Депрессияға қарсы қолданылатын түрлі кестелер бар. Тек дәрігер ғана оның қандай дәрі екенін айта алады, қай мөлшерде және қай уақытта пайдалу керектігін. Депрессияға қарсы құралдар өз ісін ұзақ уақыт дамытады. Бірден нәтиже күтуге болмайды. Емделу курсы 4 айдан 9 айға дейін. Егер депрессиялық жағдай қайталанса- бұл, әрине, депрессияға қарсы құралдарды ұзақ созу деген сөз.

Депрессияға ұшыраушылықты дәрімен емдеу – түрлі психотерапевті тәсілдерді қолдану деген сөз. Психотерапия психикалық оқиғаларды тек төмендетуге емес, сонымен қатар депрессияның бастапқы басталу жолдарын анықтайды. Депрессияны кешенді түрде емдеу жолдары, ауруды жеңуге, мүгедекті болдырмауға, сонымен қатар бұрынғы дұрыс өміріне бет бұруға көмектеседі.


webmedinfo.ru